Ирландия Instagram-ға айыппұл салды

Ирландияның деректер құпиялылығын реттеушісі балалар деректеріне қатысты тергеуден кейін Instagram әлеуметтік желісіне 405 миллион еуро айыппұл салуды шешті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Ирландияның деректер құпиялылығын реттеушісі балалар деректеріне қатысты тергеуден кейін Instagram әлеуметтік желісіне 405 миллион еуро айыппұл салуға келісті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Тергеу 2020 жылы басталған. Реттеушілердің айтуынша, 13-17 жастағы балалар Instagram әлеуметтік желісіне бизнес-аккаунт ретінде емін-еркін тіркеле алады. Сәйкесінше, олар баланың телефон нөмірі, электрон поштасы, мекенжайы ашық түрде жария етілетінін байқаған. Нәтижесінде тергеу жүргізушілер рекордтық мөлшерде, яғни 405 миллион еуро не 402 миллион доллар айыппұл салған.

Ал Meta Platforms Inc (META.O) мәлімдеуінше, Instagram әлеуметтік желісі бұл шешімге келіспейді және оған қарсы шағым түсірмек.

Factcheck.kz