Инвесторлар Алматы облысында есірткі сорасын өсіруді жоспарлап отыр ма?

30 сәуір күні Astana.tv телеарнасында «Шетелдік инвесторлар Алматы облысында обырға қарсы дәрі дайындау үшін есірткі сорасын өсіруді жоспарлап отыр» деген жаңалық шықты.

«RAIS MEDICANN INTERNATIONAL» ЖШС Бас директоры Замиг Рахимовтың сұхбатына негізделген сюжетте 5 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен сора препаратының көмегімен емделгені айтылады:

«Израильде есірткі майын пайдала отырып 19 жыл ішінде 2 мың пациентте қатерлі ісіктің дамуы тоқтады, ал тағы 5 мың адам толық емделді, дейді Рахимов. «Индика» марихуанасының емдік сорты енді Алматы облысында Қапшағай маңында өсірілмек».

Осыған қоса материалда ҚР ІІМ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың сөзі бар: «Қазақстанда құрамында есірткі бар кез келген өсімдіктерді өсіру заң бойынша ҚР ҚК 300-бабына сәйкес 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бұл құрамында есірткі бар сораға жатпайды, себебі онда ТМК нөлдік деңгейден аспайды».

Репортажда айтылған негізгі мәлімдемелерге тоқталайық.

Мәлімдеме: «Индика» Марихуанасының емдік сорты Қапшағай маңында өсірілмек

Үкім: Жалған

Қазақстанда Cannabis sativa indica түгіл қарасораны өсіруге болмайды. Кем дегенде, елімізде каннабисті медициналық пайдалануға рұқсат етпегенге дейін.

Яғни, сора өсетін алқаптар туралы қанша болса да армандап, жоспарлауға болады. Ал әзірге «Есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлары және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» ҚР Заңын қараңыз. Дельта-9 – және дельта-8-тетрагидроканнабинолдар (ТГК немесе ТСН — ағылш.) адамға дәл сол психотроптық әсер етеді.

Қызығы сол медицинада аясында ТГК болмаса қарасора өсірудің мағынасы жоғалады. Бұл әсіресе Rais Medican жоспарларымен танысу кезінде анық көрінеді.

Заң бойынша

Гашиш, анаша, каннабис (құрамында тетрагидроканнабинол бар Cannabis тектес кез келген өсімдік (егер олар өсімдіктің өзімен немесе өсімдіктің басқа да бөлігімен бірге жүрмесе, тұқым мен тамырды қоспағанда), каннабис шайыры, каннабис сығындысы (гашиш майы), сондай-ақ ТГК, оның барлық изомерлері және олардың стереохимиялық нұсқалары — осы Заңның 18, 19 және 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымында тыйым салынған есірткі, психотроптық заттар енгізілетін Заңның І кестесінде.

Әрине, жоспарлар туралы

«RAIS MEDICANN INTERNATIONAL» ЖШС өкілінің мәлімдемесі бойынша олардың компаниясы сораның белгілі бір қасиеттеріне байланысты оны өсіруді қолға алып, каннабис препараттарымен емдейтін клиника салуды «жоспарлап» отыр.

Инвесторлар Алматы облысында есірткі сорасын өсіруді жоспарлап отыр ма?
Компания сайтының скрині

Компания құрамында ТГК (THC oil) және КБД (CBD oil) бар майлар шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі заманғы фарминдустрия үшін маңызды басқа каннабиноид туралы ақпаратпен танысып көріңіздер. ТГК-ға қарағанда психотроптық әсері жоқ (ағылшын немесе орыс тілдерінде) – КБД (каннабидиол).

Егер Қазақстанда емшілік ТГК бар сораны өсіруге тыйым салынса, онда осы өсімдіктің ТГК-сі 0-ге тең, бірақ құрамында КБД бар және ҚР Бақылауға жататын есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың қандай да бір тізіміне, сол сияқты БҰҰ-ның 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенциясының қорытынды актісінің кестесіне кірмейтін басқа будандары мен сорттарына назар аудару керек шығар. Бірақ бізде мұндай гибрид туралы ақпарат мүлдем жоқ.

ТГК-сі бар сораны медициналық мақсатта өсіру мүмкін емес деген біздің ойымызды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі да растайды.  Төменде министрліктің жауабы:

Инвесторлар Алматы облысында есірткі сорасын өсіруді жоспарлап отыр ма?

Мәлімдеме: Есірткі майы (қарасора) онкологиялық ауруларды емдейді

Үкім: Жалған

Қарасора майы онкологиялық ауруларды емдемейді! Бірақ каннабистің кейбір компоненттері, мысалы, ауырсыну синдромын басуға бағытталған кешенді терапия құрамында қолданылады. Бұл ретте қазіргі кездегі ғылым каннабис негізінде дәрі-дәрмек іздеумен белсенді айналысады, ол онкологиялық аурулармен тиімді күреспек.

Израильдегі каннабис

Шынында да, Израиль — каннабисті медициналық мақсатта пайдаланатын көшбасшы мемлекет (бұл елде медициналық марихуана экспортына рұқсат бар, каннабисті медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат берілген және оны ересек азаматтар арасында пайдаланылуы сәл болса да қылмыссыздандырылған). Несін айтамыз, ТГК-ні қарасорадан бөліп алған да израильдік ғалым Рафаэль Мешулам (1964 жылы).

Израиль Денсаулық сақтау министрлігі ТГК-сі бар препараттарды енгізу бойынша бағдарламаны сонау 1994 жылы бастады, ал Мешулам ТГК таза немесе медициналық марихуана түрінде опиаттарды қолдануды (онкологиясы бар пациенттерді емдеу барысында) ауыстыратынын айтады. Яғни ондағы мақсат – ауырсыну синдромын басу және опиаттарды қолдануды төмендету.

Осыған қоса ТГК кешенді ем құрамында химиотерапиядан өтетін онкологиямен ауыратындарға беріледі, сондай-ақ соңғы сатыдағы ісігі бар пациенттерге жазылады. Сонымен қатар, оны АИТВ, Крон ауруы, ойық жара колиті, шашыраңқы склероз және ПТСБ кезінде қолданады.

Тақырып бойынша ДДҰ материалдары

ДДҰ-ның Есірткіге тәуелділік жөніндегі сараптамалық комитетінің есебі деп аталатын 2018 жылдың маусым айында жарияланған баяндамасында каннабис пен оның компоненттерін медициналық мақсаттарда пайдаланудың өсуі байқалатыны айтылады және каннабистің, қарасора препараттарыны мен оның компоненттерінің, соның ішінде жоғарыда аталған КБД, ТГК және оның изомерлерінің терапевтік қолданылуы егжей-тегжейлі сипатталады.

Біз онкологиялық аурулар кезінде қолдану аясында қарасора майы туралы ешқандай ескерту таппадық. «Дельта-9-тетрагидроканнабинол немесе дронабинол (фармакологиялық атауы, ТГК-ның синтетикалық аналогы – Авт) бірқатар елдерде рұқсат етілген. Оны қолдану онкологиялық науқастарда химиотерапия салдарынан болатын жүрек айнуы мен құсу кезінде, яғни құсуға қарсы кәдімгі дәрілерден жағдайлары жақсармаған кезде көрсетілген. Δ9-THC…ауырсыну қарқындылығын азайту кезінде сәл болса да тиімділігін көрсетті…»

Көбірек сыни ақпарат

Анықтама үшін мына жерден осы тақырыпқа арналған ғылыми жұмыстардың көптігіне қарамастан, зерттеушілер әзірге каннабис немесе оның компоненттері обырды қауіпсіз және тиімді емдей алатынына нақты дәлелдер таппағаны туралы оқуға болады. Сонымен қатар клиникалық сынақтар мен олардың проблемалары туралы да айтылған.

  • Мына жерде онкологиялық ауруларды емдеуде комплементарлы препарат ретінде КБД туралы.
  • Мына жерде лейкемия кезінде химиотерапиямен бірге фитоканнабиноидтердің обырға қарсы әсерлері оларды енгізу реттілігін өзгерту жолымен жақсаруы мүмкіндігі туралы (сынақ молекулалық модельдерде жүргізілді).
  • Мына жерде мультиформды рецидивті глиобластомасы бар емделушілерде Δ9-тетрагидроканнабинолдың пилоттық клиникалық зерттеуі туралы. Зерттеуге 9 пациент қатысқан.
  • Мына жерде каннабис обырды емдейтіні туралы нөлдік дәлелдер. Бұл жерде каннабис майын қолдану туралы жазған журналистің мақаласы. Өкінішке қарай, оның кейіпкеріне ол еш көмектеспеген.
  • Мына жерде «Марихуана обырды емдейді» тақырыбында Snopes жүргізген фактчекинг.
  • Мына жерде каннабиноидтар онкоген ErbB2 тудыратын сүт безі обырының үдеуін төмендететіні туралы зерттеу жұмыстарының нәтижелері. Зерттеу жануарлар үлгісінде жүргізілді.

Бір қызығы

Легалайз тақырыбы Қазақстанда да пайда болды. Мысалы, Еуразиялық медиафорумда (!). Медиафорумға дейін Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде «Медициналық мақсатта техникалық сораны пайдалану бойынша жаһандық форум» өтті. Бір жыл бұрын бұл туралы украиналық саясаткерлер де айтқан еді. Дариға Назарбаева бұл туралы 2014 жылы айта бастады. Ал 2019 жылдың 19 маусымында санкциялардың ықпалына байланысты медициналық мақсатта қарасора өсіруге рұқсат беретін заң Ресейде қабылданды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz