Интернетті қалай реттеуге болады?

Осы күні АҚШ-та оңшылдар мен солшылдарды біріктіретін бір ғана сөз бар, ол – “techlash”. Цифрлық платформаларды федералдық деңгейде реттейтін кез келді дегенмен жұрттың бәрі келіседі. Мәселе оның қалай жүзеге асатынында болып тұр.

Өкілдер палатасының спикері, Демократиялық партияның федералдық деңгейдегі ең жоғары лауазымды қызметкері Нэнси Пелоси технологиясы дамыған Сан-Францискоға қаратып цифрлық компаниялардың “өзін өзі реттейтін кезеңі” артта қалғанын мәлімдеді. Президент Дональд Трамп жақында Ақ үйде әлеуметтік медиа бойынша саммит өткізді, онда Миссури штатынан Республикалық партиядан сайланған сенатор Джош Хоули “саяси тұрғыдан біржақты” модерацияға жол берген платформаларды тиіспеушілігін айыруды көздейдін заң жобасын ұсынды.

Саясаткерлер халықтың цифрлық платформаларға қарсы жаушылдығын арттырып отыр. Pew зерттеу oрталығының дерегіне сәйкес, америкалықтар ауыр қылмысқа қарағанда жалған ақпаратты қауіптірек санайды. Еуропадағы әріптестерімен салыстырғанда АҚШ саясаткерлері бұл саланы реттеуден бас тартып келді, олардың айтуынша, технология реттеуге келмейтіндей тым күрделі, бұған қоса тиімді реттеу шаралары үкіметтің цензурасына алып келуі мүмкін. Федералдық сауда комиссиясы (FTC) мен Әділет департаменті (DOJ) Facebook, Amazon, Google және Apple компанияларына қарсы антимонополиялық тергеу бастады, Өкілдер палатасының монополияға қарсы комитеті де осындай тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ қазіргі заңдар негізінде антимонополиялық істі алға жылжыту не оны жеңу өте қиын. Оның үстіне, тиісті реттеу мен бақылау болмайынша, тек монополияға қарсы шаралар демократия дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті шарт – ақпараттың еркін таралуына қауіп төндіретін олқылықтардың орнын толтыра алмайды.

Цифрлық платформалар – ақпаратты тұтынуға, саяси пікір айтуға, азаматтық қоғамға араласуға бірден-бір әсер ететін гейткипер саналады. Дегенмен, АҚШ-тың арнайы кеңесшісі Роберт Мюллер айтқандай, ол боттардың, жалған аккаунттардың және “клик фермаларының” қолданушыға ықпал етуіне алып келеді, бұлар редакциялық таңдау функцияларын бірізді алгоритмдерге береді, олар болса қолданушы онлайн жарнаманы көруі үшін оның бойына үрей шақырып, конспирологиялық теорияларды насихаттайды. Жақында шыққан Пелосиге қатысты фильм тәрізді жалған контент ақпарат әзірлеу тізбегін бұзады. Ал платформалар жалған ақпарат таралып кеткен соң ғана өз ережелерін енгізіп жатады.

Расын айтқанда, цифрлық платформалар технологиясы мен олардың жұмыс істеу әдістері күрделіленіп барады, әрі конгрестегі тыңдаулар кезінде саясаткерлердің технологиялық тұрғыда сауатсыздығы байқалып қалады. Дегенмен, мұндай күрделілік азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі, Атомды реттеу комиссиясы сияқты эксперттік реттеу мекемелерін құруына кедергі болған жоқ. Федералдық коммуникация комиссиясы да сөз бостандығын талай мәрте гейткиперлерден қоғап келген.

Қазір Американың саяси табы әрекетке құлшынып тұрғанда ақпарат әзірлеу тізбегінің сенімділігін күшейту үшін үкіметтің эксперттік реттеу органын құруы тиіс. Жаңа Цифрлық демократия агенттігі (DDA) цифрлық алпауыттар өздігінен істегісі келмей отырған шаруаны атқарып, транспаренттілікті арттырып, қолданушының бақылауын күшейтіп, жергілікті журналистиканы қолдауға ден қоюы керек.

Цифрлық демократия агенттігі бір кездері радио, телевидение, кабельдік және телекоммуникациялық қызметтерді реттеген сияқты контентке қатысты шешімдерге араласпастан, цифрлық жүйелердің осал тұстарын бекемдейтін болады. Өзін-өзі реттеу, әсіресе журналистердің өз транспаренттік ережелері өте маңызды рөл ойнаған. Дегенмен, үкіметтің телекоммуникация компанияларына ортақ оператор белгілеу, саяси жарнамалардың авторын жариялау, бір нарықта газеттер мен телерадиокомпанияларға ортақ иелік етуге жол бермеу, коммерциялық емес хабар таратуды қолдау сияқты шаралары әлдекімдердің БАҚ-ты тым асыра пайдалануына жол бермеген. Телерадио саласындағы медианы реттеу қоғамдық мәдениет пен тілді қалыптастырған.

Цифрлық демократия агенттігі цифрлық медиа гейткиперлері үшін онлайн саяси жарнаманың ақысын кім төлегенін және боттың шынымен бот екенін анықтап, өзін ақпарат құралы етіп көрсетіп отырған топтар мен вебсайттардың кімге тиесілі екенін жариялап отырады. Қолданушылар өздерінің және басқа адамдардың қалай нысанаға ілініп жатқандарын біліп, шектен асқан аңдуға тосқауыл қоя алады. Қолданушылар өз мәліметтерінің қалай пайдаланылатынын, алгоритмдердің контентті реттеу дәрежесін өзі басқара алады. Қолданушылар өздерін фейк видеолардан және түрлі эксперименттерден қорғай алады. Әрі бұл Интернет инфрақұрылымын қалыптастыруға және сенімді журналистикаға бет түзеуге мүмкіндік береді.

Тым қатаң ережелерімен және сол кездегі корпоративтік мүдделерді жақтауымен инновацияға көп тұсау салған АҚШ-тың индустрия дәуірі кезіндегі реттеу органдарынан айырмасы – DDA ХХІ ғасырға арнап құрылады. Ол заманауи бағдарламалық жасақтаманы қолданатын өте икемді реттеуші болады, сондықтан өз ішінде техникалық мүмкіндікті арттыру үшін қызметкерлеріне жоғары жалақы ұсынады. Оның үстіне үкімет пен цифрлық платформалар арасында ықпалдастыққа жол бермеу үшін ол жұмысқа тұрғаннан кейінгі лоббиге қатаң тыйым салады.

Жаңа мекеме FTC мен Әділет департаментіндегі АҚШ-тың бәсеке мен жеке өмірді қорғайтын ұйымдармен тығыз жұмыс істейді. Тұтынушыны қаржылық қолдау бюросын үлгі ете отырып құрылатын бұл мекеме транспарентті әрі бірлесіп жұмыс істеуге бейіл ұйым болады, оның мәліметтері мен процестері қоғамға жарияланып отырады. Стандарттар қалыптастырып, оның тиімділігін тұрақты түрде тексеретіндіктен, бұл агенттік технологияның дамуына қарай оған бейімделе береді.

DDA онлайн контент рас па, өтірік пе, әлде оған басқа бір себеппен күмән бар ма дегенді анықтап отырмайды, керісінше жалған ақпарат таратуға мүмкіндік беретін олқылықтарды жүйелі түрде бақылайды. Ол ірі платформалардың контентті алып тастауы, онлайн жарнаманың дерекөзін ашық көрсету, қолданушылардың шағымдану процесі, қоғамдық мүдде тұрғысынан жұмыс істейтін зерттеушілердің ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі сияқты мәселелер бойынша нақты ережер бекітеді. Ол платформаларда адамдардың шын аты-жөнін нақтылаудың мүмкіндіктерін жасап, трендтегі тақырыптардың қолданушылар сеніміне сай болуын талап етеді. Оның үстіне, DDA қолданушылар өз ақпарат ленталарын әзірлейтін алгоритмдерді өз бетімен баптауына жол ашып, платформаларды соған бағыттай алады. Платформалар бір кездері жергілікті журналистиканы ұстап тұрған табыс көздерін қалай алып алғанын ескерсек, агенттік бұл ақпарат құралдарын қаржыландырудың көздерін қалыптастыруға да ат салыса алады.

Цифрлық платформалар қаншама күрделі мәселе тудырып отырғанымен, үкімет басқа күрделі салаларда азаматтарын қорғап отырғаны сияқты мұнда да көмекке келуі керек. АҚШ 2020 жылғы президент сайлауына дайындалып жатқандықтан, жасанды интеллект ақпараттық экожүйеге үлкен сын болып тұр. Ел демократиясы сынға түсіп тұрған тұста еркіндікті қорғау үшін реттеу тетіктерінің қажеттігі туды.

Интернетті қалай реттеуге болады?Карен Корнблух – АҚШ-тың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы бұрынғы елшісі, АҚШ-тың Германиядағы Маршалл қорындағы Цифрлық инновация және демократия бастамасының аға ғылыми қызметкері әрі директоры.

Интернетті қалай реттеуге болады?Эллен Гудман – Рутгерс заң мектебінің профессоры және Германиядағы Маршалл қорының ғылыми қызметкері.

Copyright: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz