Instagram жаңа функция туралы хабарлады

Instagram желісінің әкімшілігі жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Бұл туралы желінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, пайдаланушылар әлеуметтік желідегі техникалық ақаулар туралы, сонымен қатар, ақаудың қашан жойылатынан хабардар болады.

Мұндай ескерту барлық пайдаланушыға байқалатын ауқымды проблема туындағанда ғана жіберіледі. Жаңа функцияны АҚШ-та бірнеше ай бойы сынақтан өткізеді.

Бұған дейін Facebook компаниясына тиесілі Instagram, WhatsApp және басқа да қосымшалар шамамен 7 сағатқа қолданушыларға қол жетімді болмады.

Инженерлер Facebook желісінің маршрутизатор конфигурациясында өзгеріс енгізу дұрыс жасалмағасын техникалық ақауға ұшырағанын айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz