Инфляция және азық-түлік | Депутат Жамалов қателесті ме?

2 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Аманжан Жамалов ҚР Премьер-Министрі А.Маминге депутаттық сауал жолдады. Ол инфляцияға және азық-түліктің өсуіне байланысты мәлімдеме жасады. Factcheck.kz депутаттың айтқан деректерін тексерді.

Шілдеде жылдық инфляция 7,1% құрады.

Аманжан Жамалов

Үкім: Үкім жоқ

Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар және шілде айлары арасында Қазақстанда инфляция 4,4% құрады. Ал ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, 7,1%-ды құрады. Екі өкілетті органның деректері қабыспағандықтан, бұл мәлімдемені үкімсіз қалдыруды жөн көрдік.

Азық-түлік тауарларының бағасы 11,4% өсті. Бәрінен бұрын жарма (40,4%), жемістер (23,1%), жұмыртқа (19,8%), май (17,2%), макарон өнімдері (15,7%), сондай-ақ еттің (12,9%) бағасы өсті.

Аманжан Жамалов

Үкім: Жартылай шындық

Статистика комитетінің мәліметінше, азық-түліктің бағасы биылғы жылдың алғашқы жеті айында 11,4% емес, 7,6%-ға қымбаттаған.

Ағымдағы жылдың алғашқы жеті айында жемістердің бағасы – 21,3%, жармаларға – 20%, қой етіне – 11,8%, макарон өнімдеріне – 10,1%, сары майға – 9,4%, жылқы етіне – 8,6%, сиыр етіне – 7,6% қосылған. Ал жұмыртқаның бағасы 5,9% төмендеген.

Қорытынды

Депутат өзінің мәлімдемесінде, жұмыртқаның бағасына байланысты айтылған дерегінде қателесті. Ол 19,8%-ға көбейгенін айтса, ресми органның мәліметінше, 5,9% төмендеген. Депутаттың инфляцияға байланысты айтқан дерегі Статистика комитетінің маусым (4,4%) және тамыз (4,6%) айындағы мәліметпен сәйкес келмейді. Бірақ депутаттың сөзі Ұлттық банктің дерегімен бірдей.

Контекст

Статистика комитетінің тамыздағы дерегі бойынша, әуе қызметі — 6,2%, дизель 3,2%-ға, сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық қызметінің тарифтері де арзандады.

  • Ыстық су — 5,5%,
  • Орталықтан жылытуға — 3,4%,
  • Канализация — 3,1%,
  • Суық су — 2,2%

Қандай тауарлар мен қызметтердің бағасы өсіп жатыр?

  • Дәрі-дәрмек — 7,5%
  • Кір жуғыш құралдарға —  7,1%
  • Тұрмыстық заттар —  5%
  • Құрылыс материалдарына —  4,9%
  • Автомобиль —  4,7%
  • Ноутбук —  3,3%
  • Кеңсе тауарлары —  3,2%
  • Бензин —  2,6%
  • Жерлеу қызметі — 5,7%
  • Денсаулық сақтау қызметі — 4,3%
  • Шаштараздар мен сұлулық салондар қызметі — 3,8%
  • Қоғамдық тамақтандыру қызметі — 2,5%
  • Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем — 2,2%
  • Қала ішіндегі такси қызметі — 6%,
  • Жолаушылардың темір жол көлігі — 4,4%
  • Электр энергиясы — 3,5%

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz