Индонезия билігі полицияға WhatsApp-тағы хаттарды оқуға рұқсат береді

Индонезия билігі құқық қорғау органдарына WhatsApp мессенджеріндегі хаттарды бақылау құқығын беру туралы ұсынысты қолдады. Индонезияның президент әкімшілігінің басшысы Мулдоконың хабарын  «Известия» басылымы жариялады.

Ол KompasTV эфирінде жаппай таратылатын хабарламаларға аса көңіл бөлетінін айтты. Индонезия президентінің әкімшілігінің басшысының айтуынша, WhatsApp топтарындағы хаттар елдегі өсіп келе жатқан шиеленіс жағдайын одан сайын қиындатады. Сол себепті үкімет қажет барлық шараны қолдануы тиіс.

Мулдоко елді ұлттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін билік бар күшін салатынына уәде етті. Өткен аптада Индонезияның ақпарат және байланыс министрі Рудиантара полицияның WhatsApp-тағы хаттарға қол жеткізу ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді

Мамырдың 25-і Индонезия астанасы Джакартада жалпы сайлау нәтижелерін жариялағаннан кейін болған митингі құрбандарының саны 900-ден асып, олардың сегізі қайтыс болды.

Мамыр айының соңында Индонезия ресми сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін жалған ақпараттың таралуын алдын алу үшін әлеуметтік желіні уақытша бұғаттауды тоқтатты. Тәртіпсіздіктер кезінде әлеуметтік желілерді бұғаттау бірнеше күнге созылды.

 

Factcheck.kz