ІІМ Арыс жайлы жалған ақпаратты хабарлады

Ішкі істер министрлігі іс түссіз жоғалған Арыс қаласының 350 тұрғыны жайлы ақпаратты жоққа шығарды. ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша ақпарат шындыққа жанаспайды. Комитеттің ресми хабарында:

«Бұл ақпарат апаттың алғашқы күні пайда болған еді. Ақпарат жоққа шығарылды. Қала тұрғындары эвакуацияланды, жеке бас деректері анықталды. Іс-түссіз жоғалғандар жоқ»

ІІМ хабарламада тұрғындарды тыныштық сақтап, тексерілмеген ақпаратты «әсіресе WhatsApp мессенджері және әлеуметтік желі арқылы» таратпауын сұрады. Бүгін жоғалған 350 адам жайлы ақпаратты Otyrar.kz сайты эариялады. Алайда, министрліктің хабарынан соң, ақпарат қайта өңделді.

Дегенмен, біздің 25 маусымда өткізген зерттеуіміз жағдайдың қиын екенін көрсетеді. 

Арыс қаласындағы апатқа байланысты шұғыл желі іске қосылды. Қажет ақпаратты Шымкент қаласының ТЖ департаментінен 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66 нөмірі, Түркістан облысы ТЖД 8 (7253) 35-83-02,ІІМ төтенше жағдайлар департаменті 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79 нөмерлері бойынша алуға болады. Желі тәулік бойы жұмыс істейді. 

Factcheck.kz