Human Rights Watch үкіметтік емес ұйымдардың қысымға ұшырауына алаңдады

Human Rights Watch Қазақстан билігі сайлауда заң бұзушылық болғанын анықтаған үкіметтік емес ұйымдарға қысым көрсетіп жатқанын хабарлады. Адам құқығын қорғайтын ұйым Қазақстан билігінің реформалар жүргізуге және адам құқығы бойынша жағдайды жақсартуға тырысып жатқанына күмән келтіреді.

15 қаңтарда салық органдары “Эхо” үкіметтік емес ұйымының жұмысын үш айға тоқтатып, 1400 доллар (шамамен 586 мың теңге) айыппұл салды. Салық органдарының дерегінше, “2018 жылдан бастап шетелдік қаржыландыру есебі бұзылған”. Алайда ұйым мұндай айыптарды жоққа шығарды.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы тағы бір үкіметтік емес “Еркіндік Қанаты” қоры “қаржылық есеп берудегі заң бұзушылығы үшін” айыппұл төлегенін жазған. Сонымен бірге, MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жақын күндері жергілікті салық органдарына шақырылатынын атап өткен. Оларға да айыппұл салынып, жұмысы тоқтауы мүмкін. Қалған үкіметтік емес ұйымдардың шешімі де енді шығады.

Human Rights Watch өкілі Мира Риттманн сөзінше, мұндай заңсыз қысымдар жалғаса берсе Қазақстан билігінің реформа жасап, адам құқығы үшін күресетіне күмән тудырады.

HRW билік ұзақ уақыт бойы адам құқығын қорғайтын белсенділер мен ұйымдарға құқығын шектейтін заңдар қолданып, негізсіз айыптар тағып келгенін атап өткен. Бірақ бұл жолы “әрқаладан орналасқан оншақты топтың бір мезгілде қысымға ұшырап, биліктің ашықтан-ашық заңды белден басуы шошытады” деп мәлімдеді.

Eurasianet жазуынша, Қазақстанда оппозициясыз парламент сайлауы өткен соң ұйымның жұмысы тоқтатылған. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “еститін үкімет” болатын уәдесі орындалмағанын жазған.

Контекст

  • 30 қарашада тәуелсіз азаматтық қоғам мен құқық қорғау ұйымдарға салық органдарының негізсіз талаптарына байланысты қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар салық органдарының шабуылына ұшырағанын айтты.
  • АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі елдегі тәуелсіз және құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдарға сайлау алдында жасалап жатқан қысымға қатысты алаңдаушылық білдірген.
  • 4 желтоқсанда халықаралық бірнеше ұйым “Қазақстан құқық қорғау ұйымдарын қудалауды тоқтатуы тиіс” деген. Олар Нұр-Сұлтанның әріптестерін елдегі тәуелсіз ұйымдарды қудалағаны үшін ресми Нұр-Сұлтанға қысым жасауды сұраған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz