Halyk Bank және коронавирус: пандемиядан табыс тапқысы келетін кімдер?

Facebook-те «Октава,Медиа» ресурсы жариялаған материал тарап жатыр. Онда «Елде COVID-19 індетінің таралуына себеп болғандар қатарында қазақстандық Halyk Bank бар» делінген.

Үкім: Манипуляция

Шын мәнінде, негізгі қауіп – карантин ережелеріне бей-жай қарап, ауруын жасырып қалу. Мақалада банк сайтында 15 наурызда жарияланған ресми мәліметтерге манипуляция жасалған. «Октава. Медиа» сайтының өзі фейк жаңалықтар жариялап,  кликбейт арқылы табыс табу үшін ашылған тәрізді.

Бұл қандай сайт?

Оktv.media домені 2019 жылдың қазан айында тіркеліп, 2020 жылдың наурызында жаңартылған. Иесі туралы мәліметтер жасырылған, сервер АҚШ-та.

Сайтта 13-20 наурыз аралығында жарияланған 10 ғана мақала бар, оның барлығы кликбейт материалдар. Редакция туралы мәлімет жоқ,  материалдар анонимді жарияланған. Сайтты бір ғана және материал санына қарасақ жалқау адам жүргізетін тәрізді. Сайт стандартты шаблонмен бірнеше сағат ішінде жасалған, дегенмен сілтемелерден табыс табу үшін кликбейттік материалдарға жарнамалық блок енгізілген.

Сайттың Facebook-тағы парақшасында (18 наурыз күні ашылған) екі ғана жариялым бар, олардың бірі – Halyk Bank туралы – жарнамаға қосылған. Администраторлар мен олардың мекенжайы жасырылған.

Halyk Bank және коронавирус: пандемиядан табыс тапқысы келетін кімдер?

Материалда тағы не бар?

Материал нақты ақпарат, жасырын дереккөзге сілтеме және беделді адамға жалған сілтеме қосындысынан тұратынын аңғаруға болады.

15 наурыз күні банк сайтында «COVID-19 коронавирусын жұқтырғандардың бірі Алматыдағы банк ғимаратында консультациялық қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкері екенін» хабарлаған релиз жарияланды. Сонымен қатар, банк санитарлық шаралар жасалғанын және науқастанған қызметкердің клиенттермен байланыста болмағанын мәлімдеді. Ал онымен байланыста болған банк қызметкерлері сараптама тапсырып, карантинге жатқызылды. 16 наурыз күні банк медицина қызметкерлеріне 100 млн теңге бөліп, коронавирусқа қарсы күреске қаражат жинау қорын ашты.

Беделді адамға берілген сілтеме қызығырақ. Мақалада сілтеме жасалған Тимур Пестерев есімді эпидемиолог расымен бар, дегенмен, біріншіден, ол ресейлік эпидемиолог-дәрігер болса, екіншіден, ол вирусты қауіпті деп есептемейді және коронавирусқа қалыпты қарайды. 12 наурызда «Новая газета»-ға берген сұхбатында былай деген:

Шынын айтқанда, маған маман ретінде неге мұндай шу болып жатқаны түсініксіз. Вирус аса қауіпті емес. Тұмаудың асқынған түрінен бұдан көп адам өмірден өтеді  <…>

Мен сіздерге бір нәрсені анық айта аламын: егер адам популяциясы жойылып кетер болса, ол коронавирустан болмайды. Бұл тым жеңіл инфекция. Бірнеше уақыттан кейін инфекция жалпы адам үшін қауіпсіз болады деп ойлаймын.

Тимур Пестерев. «Новая газета»-ға берген сұхбатынан. 12 наурыз 2020 жыл

Қорытынды

  • «Октава.Медиа» сайты желіден ақша табу үшін құрылған кликбейттік жоба секілді. Мұндай жобалар көп, ал дағдарыс пен эпидемия кезінде олар саңырауқұлақ тәрізді көбейіп кетеді. Еске сала кетсек, ашық алаяқтық жобалар да бар.
  • Материалдағы ақпарат дереккөздермен расталмаған және ТЖ мен Алматы және Қазақстан астанасындағы карантинге байланысты тұрғындардың қорқынышына манипуляция жасалған.
  • Эпидемиолог Тимур Пестеревке жасалған сілтеме дәрігердің COVID-19 туралы пікіріне сәйкес келмейді.

Коронавирус туралы тарап жатқан фейк ақпараттың барлығын сайтымыздан «коронавирус» тегі арқылы көре аласыздар.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz