Горбачев «Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін» медаль алды ма?

Тамыз айының соңында желіде (мысалы: мына жерде және осында) ССРО президенті марқұм Михаил Горбачёвтың америкалық тудың алдында түскен фотосы жарияланды, кеудесінде «Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін» деген медаль бар. Осылайша бұл сурет Горбачёв өз халқына опасыздық жасады дегенді меңзейді.

Горбачев «Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін» медаль алды ма?

«Вокс.Украïна» және «Проверено» фактчекерлері фотосурет қаншалық шынайы екенін зерттеп, ол өңделген деген қорытындыға келді. Горбачёв бұл марапатты ешқашан алмаған. Біз әріптестеріміздің қорытындысын толықтырып, фактчек нәтижесін ұсынамыз.

Толығырақ

Суретті кері іздеу фотограф Вени Марковскийді (Veni Markovski) автор деп көрсеткен Wikimedia бетіне апарады. Вендің Flickr профилінде 2010 жылғы мамырда Мәскеуде Интернетті басқару жөніндегі ресейлік форум кезінде түсірілген фотосуреттері бар альбомды таба аласыз. Көптеген фото ішінде біз тексеріп отырған Михаил Горбачевтың да фотосы бар. Осылайша, түпнұсқа америкалық мемлекеттік рәміздерді және Cold War Victory Commemorative мерейтой медалін қосу арқылы өңделгенін көреміз.

Горбачев «Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін» медаль алды ма?Горбачев «Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін» медаль алды ма?
Сол жақтағысы — өңделген фотосурет, оң жақтағысы — Вени Марковский түсірген түпнұсқа фото

Іс-шараның басқа суреттерінде де Горбачевтің пенжегінде медаль жоқ.

Медалі бар фотоны Forensically бағдарламасы арқылы тексергенде де медаль суретінің Марковскийдің суреттерінен жойылмағаны, фотоға жалған нұсқада салынғанын расталды. Фотоға не қосылғанын анықтау үшін JPEG артефактілерін бір кескіннің үстіне қоюдан немесе түсті/жарықтықты реттегеннен кейін анықтауға мүмкіндік беретін Error Level Analysis әдісін қолдандық. Түпнұсқа кескіннің барлық элементі айтарлықтай біркелкі, ал өзгертілген аймақ ашықтау және ашық түсті пикселдер бар. Кескіндердің жалпы жарықтығындағы айырмашылық өзгертілген фотосурет әртүрлі дереккөзде жарияланған кезде көп рет көшіріліп, көлемі қысылғанына байланысты болған. Бұл жағдайда біз екі кескін үшін бірдей ELA сипаттамаларын қолдандық (JPEG Quality — 89, Error Scale — 20, Opacity — 1.00).

Горбачёв шын мәнінде қандай медаль алды?

Бір қызығы, Михаил Горбачёв қырғи-қабақ соғысқа қатысты марапатқа ұсынылғаны рас, бірақ басқасына — соғысты жеңгені үшін емес, оны аяқтағаны үшін деген марапат. 2008 жылы ресейлік медиа АҚШ-тың Ұлттық конституциялық орталығы Горбачёвты «Филадельфиялық Бостандық медалімен» марапаттады, ол «бостандыққа ұмтылудағы көшбасшылықты мойындағаны үшін» беріледі және әскери марапат емес. Конституцияның ұлттық орталығы сайтында Горбачёв «қауіпті, ондаған жылға созылған қырғи-қабақ соғысты тоқтатудағы және «темір шымылдықтың» ар жағында өмір сүрген миллиондаған адамға үміт пен бостандық әкелудегі батыл рөлі үшін» марапатталғаны жазылған.

Горбачев «Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін» медаль алды ма?
“Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін” медалі (сол жақта) және “Филадельфиялық Бостандық медалі” (оң жақта)

Сонымен қатар «Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін» деген медаль шынымен де бар, бірақ ол АҚШ-тың ресми әскери наградалары қатарына жатпайды (оны әскери киімге тағуға болмайды). Бұл медаль 1945 жылғы 2 қыркүйектен 1991 жылғы 26 желтоқсанға дейін борышын өтеген АҚШ Қарулы күштері мен федералды үкіметтің азаматтық қызметшілеріне естелік награда. Алайда медальды кез келген адам сатып ала алады. Техас пен Луизиана штаттары ғана медальды Ұлттық гвардияның ресми наградасы деп біледі. Аляска штаты да осы медальмен гвардияшыларды марапаттайды, бірақ тек лента түрінде. Қырғи-қабақ соғыстың басқа ардагерлері өз отанына еткен қызметі мойындалуы үшін «Қырғи-қабақ соғыс кезіндегі борышын өтеу сертификатын» ала алады.

Горбачев «Қырғи-қабақ соғыстағы жеңісі үшін» медаль алды ма?
Қырғи-қабақ соғыс кезіндегі қызмет көрсету сертификатының үлгісі. Уикимедиа.

лингвистка, фактчекерка

Factcheck.kz