Google Chrome пайдаланушыларының әрекетін «аңдудан» бас тартпақ

Google іздеу жүйесі пайдаланушылар cookies файлдарын өшіргеннен кейін қолданушылардың әрекетін тексеру технологиясынан бас тартуы мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы Liga.Tech сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл жоспар екі жылдың ішінде жүзеге асырылуы керек. Cookies файлдарынан бас тарту дегеніміз Google Chrome браузері бұдан былай қолданушылардың әрекеттерін бақылай алмайды. Пайдаланушыларды интернеттен қандай ақпарат іздегенін қарау да мүмкін болмайды.

Украиналық сайт Wall Street Journal-ға сілтеме жасап, 2021 жылы наурызда Google компаниясы cookies-тан бас тартып, FLoC технологиясын сынақтан өткізуге дайын екендігін хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz