Google Assistant-ті мессенджерлердегі хабарламаларды оқуды үйретті

Google дауыстық ассистенті енді Telegram, WhatsApp және Slack мессенджерлеріндегі хабарламаларды оқи алады. Бұл жайлы «Лига.Tech»  және AndroidPolice  хабарлады.

Ол үшін желі қолданушы ассистентке мессенджердегі хабарландыруды оқуға рұқсат беру керек.

Бұл қызмет түрін іске қосу үшін ассистентке “менің хабарламамды оқы”деген тапсырма беру керек. Содан кейін мобильді қосымша соңғы хабарламаларды көрсетіп, Google ассистент хаттарды дауыстап оқи бастайды. Сонымен қатар, ассистент хаттың кімнен және қай әлеуметтік желі арқылы келгенін атайды. Осыған дейін Google ассистент тек SMS-хаттарды оқи алатын еді.

Бұл қызметті пайдалана отырып, сіз ассистент-бағдарлама ретінде үшінші тарапқа жеке хаттарыңызды оқуға рұқсат беретініңізді еске саламыз. Бағдарламаны орнатпастан бұрын қызметтің барлық шарттарымен танысыңыз.

Factcheck.kz