G7 елдері сөз бостандығын бірге қорғауға келісті

“Үлкен жетілік” елдері (G7) медиа мен сөз бостандығын қамтамасыз етуге және жалған ақпаратпен күресу үшін көп күш салғысы келеді. Бұл туралы Германиядағы G7 елдерінің кездесуінде Мәдениет министрлері жариялаған құжатқа сілтеп, Deutsche Welle сайты хабарлады.

Құжатқа сәйкес, G7 жалған ақпаратпен күресуге тиімді әдісін іздейді. Бұған қоса, цензура мен медианы шектеуді құптамайды. Сонымен қатар, алдағы уақытта ірі ақпараттық платформаларға бағытталған нарықтық ережелер талқыланады.

Германияның мәдениет және медиа жөніндегі министрі Клаудиа Рот (Claudia Roth) “құжат — тәуелсіз медианы қорғау белгісі” екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, жалған ақпарат Ресейдің Украинаға қарсы соғысының әсерінен “ақпараттық қаруға” айналды.

Сонымен бірге, министр “қуғын-сүргінге ұшырау қаупі бар журналистерді G7 елдері қорғауға ұмтылатынын” хабарлады.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай жиында “медиа саясаты” тәуелсіз тақырып ретінде алғаш рет талқыланды.

Контекст

  • “Үлкен жетілікке” АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Италия кіреді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz