Full Fact фактчегі |Зеленский шетелде ме?

Желіде Украина президенті Владимир Зеленскийдің камера алдында жасыл фонда сөйлеген фотосы тарады. Суретке сүйеніп қолданушылар Зеленскийдің шетелде екенін мәлімдеді. Full Fact фактчекерлері ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Full Fact жазуынша, фото — фейк емес, бірақ Зеленскийдің жасыл фонда сөйлеуі — оның шетелде екеніне дәлел бола алмайды.

Full Fact ақпаратына сәйкес, Ресей шабуылынан кейін Зеленский көп уақытын Киевте өткізеді. Мұны Борис Джонсон мен Эммануэль Макрон сияқты шетелдік саясаткерлердің осы қалаға жасаған сапарына қатысты жаңалықтар растайды. Бұдан бөлек, 7 шілдеде Зеленскийдің Киевте АҚШ сенаторларымен кездескені хабарланды.

Full Fact мәліметіне сай, Украина президенті шетелде өтетін іс-шараларға онлайн қатысып жүр. Желіде тараған сурет те 16 маусымда түсірілген конференция видеожазбасынан алынған.

Конференцияға қатысқан бірнеше компанияның баспасөз қызметі Зеленский сөйлеген видео Украина аумағында түсірілгенін мәлімдеді.

Контекст

Әлеуметтік желіде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі украин ұлтшылдарының көшбасшысы Степан Бандераны Украина православ шіркеуі (укр. Православна церква України — ПЦУ) «әулиелер қатарына қосқаны» туралы мәлімет тарады. Ақпаратты Reuters агенттігінің фактчекерлері тексеріп көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz