Freedom House Тулесова мен Толымбековқа қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ-тың үкіметтік емес Freedom House ұйымы Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбетовқа қатысты мәлімдеме жасады. Ұйымның Еуропа және Еуразия бағдарламалары бойынша басшысы Марк Берендт атынан жарияланған мәтінде былай делінген:  

“Әділ сайлау өткізуге шақырып, тек плакат ілгені үшін ұстау мен қатаң жазалау Қазақстанда ашық президент сайлауы өтеді деген үмітті азайтады. Freedom House Қазақстан үкіметін ұсталған белсенділерді жедел босатуға шақырып, азаматтардың саяси пікірін еркін айтуына мүмкіндік беруін сұрайды”

Freedom House бұған дейін де Қазақстанға қатысты бірнеше ұсыныстар мен мәлімдемелер жасаған. Олардың арасында сөз бен пікір еркіндігіне және адам құқықтарын сақтау мәселелері жиі көтеріліп жүр. Бұдан бөлек осы ұйым жасаған рейтингтер мен есептерде Қазақстан азаматтардың құқықтық еркіндігі төмен елдер қатарынан көрініп жүр. 

Freedom House Тулесова мен Толымбековқа қатысты мәлімдеме жасады
2018 жылғы деректер. Толығырақ ұйым сайтынан қараңыз.
Factcheck.kz