Freedom House есебі: Қазақстанда интернет бостандығы «нашар»

Freedom House құқық қорғау ұйымы «Интернет бостандығы 2021: алпауыт технологияларды бақылауға ұмтылу» атты есебін жариялады. Мұнда 2020 жылдың 1 маусымынан 2021 жылдың 31 мамырына дейін 70 елдегі интернет еркіндігінің деңгейі көрсетілген.

Зерттеу әдістемесі бойынша, әр елге 0-ден (ең нашар нәтиже) 100-ге дейін (ең жақсы нәтиже) ұпай беріледі.

Есеп авторларының зерттеуінше, әлемде интернет еркіндігі осымен 11-ші жыл қатарынан әлсіреген. Жағдай бәрінен бұрын Мьянма, Беларусь және Угандада нашарлаған.

Қытай интернет еркіндігі ең төмен елдер рейтиңінде бірінші, ал Қазақстан 33-орында. Сонымен қатар, елдегі «интернет бостандығы нашар» деп бағаланған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz