Францияда Clubhouse қосымшасына қатысты тергеу басталды

Интернеттегі бостандықты сақтау жөніндегі ұлттық комиссия (CNIL) Clubhouse әлеуметтік желісіне қатысты жеке деректі пайдалану туралы тергеуді бастады. Бұл туралы France-Presse агенттігі хабарлады.

CNIL баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында деректерді қорғау жөніндегі еуропалық заңнама (GDPR) сақталғаны жайлы ақпарат анықталады. Сонымен қатар, егер заң бұзушылық анықталса репрессиялық шара қолданылады.

Франция депутаты Паула Фортезаның Clubhouse желісіне қарсы шағымы тексеру процедурасының басталуына түрткі болған. Ол 5 наурызда ұлттық комиссиядан Clubhouse компаниясының саясаты Еуропалық деректерді қорғау заңдарына қаншалықты сәйкес келетінін тексеруді сұраған. Депутат бұл туралы туиттер парақшасында жазған.

Контекст

Ақпан айында хакер Clubhouse қосымшасының “бөлмелерінен” аудио хабарламаларды ұрлаған. Bloomberg дерегінше, шабуылдаушыны желі әкімшілігі бұғаттаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz