Франция Google компаниясын келіссөзді бұзды деп айыптады

Францияның монополияға қарсы комитеті Alphabet-тің медиалармен келіссөз жүргізу кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны жайлы 93 беттен тұратын есеп жариялады. Бұл туралы Reuters сайты хабарлады.

Reuters дерегінше, Google Францияның 121 бұқаралық ақпарат құралымен үш жыл ішінде шамамен 76 миллион доллар төлейтіні туралы келісім-шарт жасаған.

Монополияға қарсы комитеттің хабарлауынша, бұл келісімнен көптеген бұқаралық ақпарат құралы тыс қалған. Осының салдарынан Google компаниясы биліктің назарын аудартқан.

Google Франция билігімен жұмыс жасауға және келісім-шартты қайта қарауға дайын екенін хабарлады. Компанияның кінәсі дәлелденген жағдайда, 1,3 млрд доллар айыппұл төлеуі мүмкін.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz