Флойдтың қылмыстары: Кімдікі рас, кімдікі өтірік?

Халық арасында аса танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желідегі чаттарда Миннеаполисте полиция офицерінің іс-әрекетінен қайтыс болған Джордж Флойдтың бірнеше рет сотталғаны (6 рет), сондай-ақ қарулы тонау кезінде жүкті ақ нәсілді әйелді қарумен қорқытып, кейін тергеу барысында өзінің сыбайластарын ұстап бергені туралы ақпарат тарауда. Айта кетейік, Флойдтың қазасы халық арасында наразылық тудырып, жаппай бассыздық пен тәртіпсіздікке (АҚШ-та ғана емес) әкелді.

Флойдтың қылмыстары: Кімдікі рас, кімдікі өтірік?
Тарап жатқан ақпараттың скриншоты

Тарап жатқан ақпаратты көріп, әңгіме Флойдтың 2007 жылы жасаған «қарулы тонауы» туралы болып жатқанын анықтаймыз. Оқырмандардың өтініші бойынша оның жасаған қылмыстары туралы деректерді тексеріп көрдік.

Мәлімдеме: Джордж Флойд 1998 бен 2007 жыл аралығында 6 рет сотталған

Үкім: Шындық

Сот хаттамаларына сүйенсек, Джордж Флойд қылмыстық құқық бұзушылық үшін 6 рет сотталып, тағы 3 рет заң бұзған. Жақында Daily mail Джордж Флойдтың қылмыстарына қатысты сот құжаттарын жариялаған болатын.

Флойдтың қылмыстары: Кімдікі рас, кімдікі өтірік?
Айыпталушы ретінде Джордж Флойдтқа қатысты сот жазбаларының, шамасы, Харрис округінің хатшысынан алынған скриншоты (әкімшілік орталығы – Хьюстон, Техас)

Флойд не үшін сотталды?

Есепке сүйенсек, ол 1997 жылы көлемі 1 граммнан аз есірткі затын (тыйым салынған заттардың бірінші тобына жататын) дайындағаны/таратқаны үшін сотталды. Мәртебесі – қылмыстық құқық бұзушылық. Оны «Құқық бұзушылық/қылмыс түрі» деген бағандағы жақшаның ішінде тұрған F (felony) әрпінен байқауға болады.

Анықтама үшін: АҚШ-та құқық бұзушылық жасалған қылмыстың ауырлығына қарай 3 негізгі топқа бөлінеді (кейін олар өз ішінде бірнеше топқа бөлінеді). Олар: тәртіп бұзушылық, теріс қылық және қылмыстық құқық бұзушылық.

1998 жылғы қыркүйекте Флойд ұрлық жасап, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қайта кінәлі деп танылады. Ал сол жылғы желтоқсанда 50-ден 500 долларға дейінгі соманы ұрлап, тағы да сотталады. Ол кезде бұл қылмыстық құқық бұзушылық ретінде емес, теріс қылық (M әрпімен белгіленген, misdemeanor дегенді білдіреді) ретінде бағаланған.

2001 жылы тамызда Флойд полиция қызметкеріне өзінің атын, тұрғылықты мекенжайын немесе туған күнін әдейі айтпай қояды. Сот оның бұл әрекетін теріс қылық деп бағалайды. Бұл жағдайға қатысты АҚШ-тың Қылмыстық кодексінде арнайы бап бар.

2002 жылғы қазанда Джордж Флойд 1 грамнан аз есірткі (тыйым салынған заттардың бірінші тобына жататын) сақтағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылады.

2003 жылғы қаңтарда сотта оның біреудің меншігіне немесе жылжымайтын мүлігіне зорлық-зомбылықсыз қол сұғу фактісі бойынша ісі қаралады. Сот шешімі бойынша айыпталушы теріс қылық жасады деп танылады.

2004 жылғы ақпанда көлемі 1 граммнан аз есірткі затын (тыйым салынған заттардың бірінші тобына жататын) дайындағаны/таратқаны үшін қайта сотталады (қылмыстық құқық бұзушылық).

2005 жылғы желтоқсан. Көлемі 4 грамнан асатын, бірақ 200 грамнан кем есірткі затын (тыйым салынған заттардың бірінші тобына жататын) дайындау/жеткізу мақсатында сақтау. Қылмыстық құқық бұзушылық.

2007 жылғы қарашада тонауға және атыс қаруымен қорқытуға қатысты ауыр қылмысқа татитын шабуылға қатысты сот жазбасы бар. Флойд бір әйелдің үйіне кіріп, тапаншаны ішіне тақап, қорқытып, үйінен есірткі мен ақша іздеп шыққан. Ештеңе таппаған соң зергерлік бұйымдар мен ұялы телефонды алып кеткен. Кейін 2009 жылы осы қылмыстық құқық бұзушылығы үшін 5 жылға сотталды.

Флойдтың қылмыстары

Басылымның мәліметі бойынша, Флойд кемінде 5 рет сотталып, түрмеде отырған: 2009 жылы жоғарыда аталған тонау үшін (5 жыл), 2005 жылғы желтоқсанда есірткі үшін 10 айға, 2002 жылғы қазанда есірткі үшін тағы 8 айға, оған дейін басқа адамның мүлкіне қол сұққаны үшін (таралып жатқан ақпаратта айтылғандай, есірткі сақтағаны үшін емес) 30 күнге, сондай-ақ 1998 жылғы тамызда ол ұрлық үшін тағы бір рет сотталады. 1990-шы жылдары Флойд екі рет, яғни ұрлық жасағаны және есірткі бизнесімен айналысқаны үшін сотталғаны айтылады. Алайда сол қылмыстары үшін жазасын өтегені немесе өтемегені белгісіз.

Мәлімдеме: Флойд өзімен бірге қылмыс жасаған сыбайластары туралы ақпарат беріп, ұрлық кезінде ақ нәсілді жүкті әйелдің ішіне тапанша тақаған

Үкім: Манипуляция

Қазір қолда бар құжаттарда зардап шеккен адамның түсі, жасы және оның жүктілігіне қатысты нақты мәлімет жоқ. Сол себепті бірдеңені нақты айту мүмкін емес.

Тергеушілермен жасалған мәмілеге келетін болсақ, «тергеу жұмыстарына көмектесті» деген ұғымның өзі манипуляцияға ұшырап тұр. Сондықтан айтылған ақпарат жалған сияқты болып көрінеді.

Флойдтың қылмыстары: Кімдікі рас, кімдікі өтірік?
Daily Mail жариялаған материалдардың скриншоты

Флойдтың бұл қылмысы 1-ші топтағы қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды. Техас штатының заңы бойынша қылмыскер мұндай әрекеті үшін 5 немесе одан көп жылға сотталуы мүмкін.

Флойдтың қылмыстары: Кімдікі рас, кімдікі өтірік?
Daily Mail жариялаған материалдардың скриншоты

Алайда ұсынылған құжаттардың негізге қылмыс адам тобымен, нақты айтса, 6 қара нәсілді адаммен жасалғанын көреміз. Бұл оқиға 2007 жылдың тамыз айында Хьюстонда, Гленхаус Корт 8710 мекенжайында болған. Үйде Арасели Энрикес, Энджел Негрети және 1 жасар Аманда Негрети болған. Бір кезде су құбырын жөндеушінің киімін киіп алған адам үй есігін қағады. Энрикес есікті ашқаннан кейін ғана үйге ұры түскенін түсінеді, алайда оны итеріп жіберуге әлі келмей қалады. Осыдан кейін кіре беріске қара түсті Форд Эксплорер көлігі келіп, одан тағы 5 адам шығады. Олардың ең ұзыны (Флойд) Арасели Энрикестің ішіне тапанша тақайды. 2007 жылғы қараша айында Джордж Флойд ұсталады. Зардап шеккен отбасының көршісі шабуыл жасаған көліктің нөмірін жазып үлгерген екен.

Тергеу жұмыстарына көмек туралы айтатын болсақ. АҚШ-та бұл әрекеттің мәні – істі сотқа өткізбей-ақ өз кінәңді мойындау арқылы неғұрлым жеңіл жаза алу.

Бір қызығы, әлеуметтік желіде Флойд тапаншаны қорқыту үшін қара нәсілді жүкті әйелге тақағаны туралы да ақпарат жүр.

Флойдтың қылмыстары: Кімдікі рас, кімдікі өтірік?

Қорытынды:

  • Шынында да, Джордж Флойд бірнеше рет сотталып, кем дегенде 5 рет түрмеде жазасын өтеп шыққан.
  • Алайда таралып жатқан ақпаратта шын және жалған мәліметтер, сондай-ақ растауы мен тексеруі қиын көптеген манипуляциялық деректер араласып кеткен.
  • Айта кету керек, Флойд кезінде Кингсвиллдегі Техас университетінің A&M командасы үшін американдық футбол ойнаған, сондай-ақ рэп оқыған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz