Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иелері анықталды

2021 жылы италиялық Джорджо Паризи, германиялық Клаус Хассельман және Жапониядан шыққан америкалық Сюкуро Манабэ физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы Нобель комитетінің ресми сайтында хабарлады. 

Олар күрделі физикалық жүйелерді, оның ішінде жер климаты мен планеталар қозғалысын зерттеген.

Сюкуро Манабэ мен Клаус Хассельман жердің климатын физикалық модельдегені үшін, сонымен қатар, жаһандық жылынуды зерттегені үшін марапатталды. Ал Джорджо Паризи атомнан планетаға дейінгі физикалық жүйелерде тәртіп пен ауытқулар қалай әсер ететінін анықтаған.

Бұған дейін америкалық ғалымдар Дэвид Джулиус пен Ардем Патапутян физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz