Феминизм тарихы мен толқындары: дауыс беру құқығынан интернет белсенділікке дейін

Қазақстандық қоғамда феминисттік қозғалыстың белсенділігіне қарамастан әлі де болса идеяны дұрыс түсінбеу мен жаңсақ пікірлерді кезігеді. Алайда бұл тек қазақстандықтарға ғана тән емес, жалпы адамзатқа ортақ деуге болады. Хәрри Поттер фильмінің жұлдызы, БҰҰ ізгі ниет елшісі Эмма Уотсон Әйелдің құқығы үшін күресті еркекті жеккөрумен шатастыру жиі кезігеді. Мен бұның бұрыс екеніне сенімдімін. Феминизм — ерлер мен әйелдердің тең құқығы мен мүмкіндіктері болуы керегіне деген сенім. Бұл жыныстардың саяси, экономикалық және әлеуметтік теңдігі туралы ілім деді ол БҰҰ-дағы алғашқы сөзінде.

Сондықтан да қозғалыстың мақсат, мүддесін жақсы түсіну үшін тарихы мен толқындарын, әр уақыттағы талаптарын білу маңызды.

Алайда феминизмдегі “толқын” түсінігін шарттылық екенін айта кеткен жөн. Феминизмнің толқынға бөлінуі күрделі және жан-жақты құбылысты құрылымдау мен сипаттау әрекеті екенін есте ұстау керек. Әрбір толқынның ішінде қуатты ішкі дамуы бар және олардың әрқайсысын белгілі бір қоғам тұрғысынан қарастырған жөн. Социолог Екатерина Бороздинаның жазуынша, феминизм толқындарын эволюциялық даму ретінде емес, бір-біріне балама, тіпті кейде қарама-қайшы қозғалыс ретінде қарастыру маңызды.

Төменде қозғалыстың үш толқынының ең маңызды саналатын оқиғалары берілген.

Қазір феминизмнің төртінші толқыны өтіп жатыр. Оның басталуы шамамен 2012-2013 жылдарға келеді және интернет ресурстарын пайдалану мен көшедегі белсенділікпен ерекшеленеді. Төртінші толқын гендерлік нормалар мен әйелдерді маргинализациялауға мән бере отырып, көбірек гендерлік теңдікке ұмтылады. Оның тағы бір жарқын көрінісі ретінде әлеуметтік желідегі #MeToo хэштегін айтуға болады.

Алайда төртінші толқынды қатып қалған түсінік ретінде қарастырмау керек, ол әр адам үшін түрлі мән беруі мүмкін.

Материал MediaNet Халықаралық журналистика орталығының «Гендерлік мәселелерді медиада көтеру арқылы бұқараның біліктіліктілігін арттыру» жобасы аясында Қазақстандағы Финляндия елшілігінің қолдауымен дайындалды.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz