Фейк | Жапон профессоры коронавирустың қолдан жасалғанын мәлімдеді

Желіде жапон профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Тасуку Хондзёның коронавирустың Қытайда қолдан жасалғанынын мәлімдегені туралы ақпарат қайта тарап жатыр.

Фейк | Жапон профессоры коронавирустың қолдан жасалғанын мәлімдеді

Үкім: Фейк

Тіпті зомби-фейк. Сәуір мен мамырда бұл ақпаратты Reuters, Snopes және басқа да медиалардың фактчекерлері жоққа шығарды. Фейк енді Қазақстанға да жетті.

Бұл ақпарат көптеген елде әртүрлі тілде тараған соң профессордың өзі оны 2020 жылдың сәуірінде жоққа шығарды. Профессордың бұл ақпаратты теріске шығарған сөзі 27 сәуірде Киото университетінің сайтына шықты. Мәтіннен үзінді келтірейік:

COVID-19 пандемиясынан туындаған ауыртпалықтан, экономикалық шығындардан және бұрын-соңды болмаған жаһандық азаптан кейін менің атым мен Киото университетінің атауы жалған айыптаулар мен жалған ақпарат тарату үшін қолданылғанына қатты қайғырамын. Бұл – бәрімізге, әсіресе ортақ жауға қарсы күресу үшін карьерасын алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерге арнағандарға арналған уақыт… Бар күшіміз ауырғандарды емдеуге жұмсайтын осы кезеңде аурудың пайда болуы туралы негізсіз айыптауларды тарату қауіпті алаңдатады.

Тасуку Хондзё, 2020 жылдың 2 сәуірі

Ғылыми деректер SARS-CoV-2 жаңа коронавирусының табиғи түрде пайда болғанын көрсетеді. Оның қолдан жасалғаны туралы ғылыми дәлел жоқ.

Оған қоса, таралып жатқан ақпаратта Тасуку Хондзёнің Ухань лабораториясында жұмыс істегені айтылған. Бұл да – жалған ақпарат. Профессор университет сайтында көрсетілгендей тек АҚШ пен Жапонияда істеген.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz