Фейк | Pfizer COVID-19-ға қарсы вакцинасында жанама әсерлерді азайту үшін Microsoft чипін қолданады

Интернетте Pfizer компаниясы инвесторларға вакцинаға қатысты симптомдарды азайту үшін олардың Pluton процессорының микросхемасын интеграциялау туралы Microsoft корпорациясымен келісімге келгені жайында мәлімдеме жасағаны туралы жаңалық тарады. Бұл ақпарат ValueWalk.com мақаласына сілтеме жасайды.

Жаңалық авторы жаңа вакцинаны алушыларды енді шаршауды, ауырсынуды азайту, хабардарлықты жоғарылату және т.б. күтеді деп жазады. Сол арада Microsoft корпорациясының бас атқарушы директоры Сатья Наделла былай деп айтқан-мыс: «Бұл – медицинадағы үлкен төңкеріс: Microsoft-ың мықты Pluton чипін қосу вакцина алушылар туралы деректерді бақылауды бұрынғыдан да жеңілдетеді. Біз бұл чипті дене температурасын реттеу үшін, COVID-19-бен ауыру ықтималдығын азайту және Apple компаниясының орнына біздің өнімдерді таңдау ықтималдығын арттыру үшін қолдана аламыз».

Автордың айтуынша, Apple компаниясы Moderna-мен осындай келісім жасағысы келеді деген қауесет бар.

Фейк | Pfizer COVID-19-ға қарсы вакцинасында жанама әсерлерді азайту үшін Microsoft чипін қолданады
Instagram-дағы ақпараттың скриншоты

Үкім: Фейк

ValueWalk веб-сайтындағы мақала соңында дереккөз ретінде Stonk Market көрсетілген. Осы дереккөзді қарап шыққаннан кейін бұл қаржылық сатира туралы жазатын сайт екенін білесіз. Демек вакцинадағы чиптер туралы жаңалық әзілден басқа ештеңе емес, ол ақырында жалған болып шықты.

Толығырақ…

Дәл сол сайттағы мақаланың өзін оқыған кейбір қолданушы пікірлерге қарап, оның сатиралық жаңалық екенін түсінбегені қызық. Дегенмен дереккөзге назар аударғандар да бар.

Фейк | Pfizer COVID-19-ға қарсы вакцинасында жанама әсерлерді азайту үшін Microsoft чипін қолданады
Valuewalk.com сайтының скриншоты

Мақала дереккөзін мәтіннің соңына дейін түскенде көруге болады. Бұл TheStonkMarket.com сайты – оны жасаушылардың айтуынша, қаржылық сатира сайты.

«… Сайт қаржы индустриясы, акциялар, хедж-қорлар және әлемдік нарықтар туралы ерекше ақпарат ұсынады. Миссиясы – күнделікті әзіл-қалжың ұсыну және stonks көтеру (ағылшынша stocks сөзінің бұрмаланған нұсқасы, ол «акция» деп аударылады – танымал мем). Қазіргі уақытта біз қаржылық юморға қызығатын контент жасаушыларды іздеп жатырмыз. Қызығушылығыңыз болса, бізге хабарласуыңызды сұраймыз», – деп жазылған бас парақшаның төменгі жағында.

Фейк | Pfizer COVID-19-ға қарсы вакцинасында жанама әсерлерді азайту үшін Microsoft чипін қолданады
TheStonkMarket.com сайтының скриншоты

Мақаланың түпнұсқасын мына жерден оқуға болады.

Контекст

Жақында Facebook оқырманға таратылатын ақпарат сипаттамасын жеңілдету үшін жазбаларды арнайы таңбашамен белгілеу туралы шешімін жариялады. Олардың ішінде сатиралық хабарламалар да белгіленеді.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz