Фейк | Митингтегі «жаңа» сурет

Factcheck.kz журналистері қызық жағдайдың куәсі болды. Былтыр Алматыда өткен митингте түсірілген суреттер биылғы митингте түсірілген сурет ретінде желіде қайта тарап жатыр. Ең қызығы бұл сурет пен осы мақаланың авторы бір адам. Мұның бәрін ұмытып, суреттің түсірілген күнін қалай анықтауға болады? Бұл қысқа ғана фактчекті фотосуреттің түсірілген/жарияланған күнін байқамай шатастырып алған адамдардың “бетіне басу” үшін жасаған жоқпыз. Желідегі әрбір пайдаланушыға суреттің деректігін тексеру әдісін қайта еске салғымыз келеді. Төмендегі сурет әлеуметтік желілерде бірнеше топтарды жарияланды:

Фейк | Митингтегі «жаңа» сурет

Митингте түсірілген бірнеше сурет Facebook-та жарияланған. 

Фейк | Митингтегі «жаңа» сурет Осындай да суреттер бар

Фейк | Митингтегі «жаңа» сурет

Тексеру әдістері

Бар мәселе суреттің 2019 жылдың мамырдың 1 емес, бір жыл бұрын Алматыда түсірілгенінде. Суретте  бір жыл бұрын Панфилов көшесінде өткен митингте ұсталған адамдар бейнеленген. Мұны анықтау үшін Yandex немесе Google «сурет арқылы іздеу» қызметін пайдалану жеткілікті.

Фейк | Митингтегі «жаңа» сурет

Тек екі сайтта ғана politica.am және sputniknews.kz сурет ең үлкен көлемде жарияланды(одан үлкені табылмады). Суреттің максималды көлеміндегі пиксельдер саны сурет қайта жарияланған сайын азайып отырады.  Бірінші сайтта біз іздеген сурет 2018 жылы мамырдың 11 жарияланған мақалада тұр. Ақпарат басқа дерекөзіне сілтеме береді. Ал екінші сайтта дәл сол митингте түсірілген басқа суреттер 2018 жылдың мамырдың 10 жарияланған. Оған дейін бұл суреттер еш жерде басылмаған. Сурет алғаш рет осы күндері жарияланған және түпнұсқа деген қорытындыға келдік.

Бастысы сыни ойлау

2018 жылғы жиналыс пен биылғы митингте түсірілген суреттердің арасындағы айырмашылықты байқауға болады. Суретте жаяужүргіншілер көшесінде ашық кеңістік бейнеленген. Ал биылғы бейбіт шеруге қатысушылар Гоголь пен Пушкин көшелерінің қиылысында ұсталды, суретте әлдеқайта тар Панфилов көшесін көріп тұрмыз.

Фейк | Митингтегі «жаңа» сурет
©фото Вадим Борейко

Осылайша, ескі суреттердің (кейде виделардың да) араға уақыт салып әлеуметтік желіде басқа оқиғаны бейнелеу үшін жаңа ақпарат ретінде қайта таралатынына тағы да куә болдық.  Біздің зерттеу 2019 жылдың мамырдың 1 өткен митингтерді 2018 жылға қарағанда бейбіт болды демейді(толығырақ мына мақалада), бірақ дәлел мен фейкті ажыратуға көмектеседі.

Редакция атынан

Сайтымызда әдіснама бөлімінде фото, видео және мақаларды тексеруге арналған құралдар бар. Құралдардың бәрі ашық қолданылымда және кез-келген қолданушыға қолжетімді. Оқыңыз, зерттеңіз және өзіңізді алдауға жол бермеңіз.

 

Factcheck.kz