Фейк | Маттарелла: «Италия өмірлік карантин жариялайды»

Қазіргі күні Италия коронавирустан болған өлім саны бойынша әлемде алғашқы үштікте. 10 мыңнан астам адам жаңа инфекцияның құрбаны болды. Елдегі ауыр жағдай бірқатар фейктердің тууына себеп болды. Оның ішінде шарасыз премьер-министр, жаппай жерлеу, ислам дінін қабылдау мен балконда ән айтқан итальялықтар бар. Қазақстандық мессенджерлерде Италия президенті Серджо Маттарелла айтты делінген сөздің әсерлі үзіндісі жүр:

Егер сәрсенбіге дейін коронавирус жұқтырғандар саны азаймаса Италия өмірлік карантин жариялап, елге кіретін есіктердің барлығын мәңгіге жабады. Италияның мемлекеттік қоры азаматтарына жалақы және коммуналдық қызметтерін төлеп, адамдар қайғырмас үшін банктегі қарыздарын жояды. Мен өзімнің мәлімдемемді өте жақсы ұғынып тұрмын және Италияның артта қалатынын да түсініп тұрмын. Ерте замандарда Италияның өмір сүріп, гүлденуі үшін әскерлер өліп, басқа елдер қирап кеткен. Енді адамдардың аман қалуы үшін Италияның құрдымға кетуіне тура келеді.

Үкім: Фейк

Біріншіден, үзіндіде жіберілген қателерден сапасыз автоматты аударма екенін байқауға болады. Яғни, тараған хабарлама жалған болуы мүмкін және мұқият тексеруді қажет етеді. Екіншіден, мәтін факт тұрғысынан да мінсіз емес.

Италия үкіметі коронавируспен ауырғандар санының артуын болжап отыр және елде арнайы шектеулер бар. Яғни «өмірлік карантин» туралы айтудың мәні жоқ.

Фейк | Маттарелла: «Италия өмірлік карантин жариялайды»

Бұдан бөлек, елде «Италия мемлекеттік қоры» деген абстракт атауы бар қор жоқ. Біз мұндай атауды Италия үкіметінің де, сенатының да сайтынан таппадық. Тәуелсіз әл-ауқат қоры ретінде құрылған қор қазір CDP Equity деген атпен танымал.

Жалпыұлттық карантин жағдайында тұрғындар мен экономиканы қолдауға арналған үкіметтік шаралар туралы айтылған мәтінде аты аталған қорларды мына жерден көре аласыз, осы құжаттан (ресми дереккөз) байқағанымыздай азаматтарға жалақы, коммуналдық қызметтерін төлеу және қарыздарын кешіру туралы әңгіме де болмаған (осыған байланысты украиналық «По сторону новостей» жобасының фактчегі).

Үшіншіден, Италияда президент Конституция мен халықтық бірлік үкіметінің кепілі болып саналады. Оның атқарушы билік саласындағы мүмкіндіктері шартты түрде мынадай: ол үкімет басшысын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады, сонымен қатар, үкімет басшысы таныстырған министрлер мен мемлекеттік хатшыларды тағайындайды. Ішкі және сыртқы саясаттағы бағыттарды анықтауда оның мүмкіндігі шектеулі және мұндай мәлімдемелерді жасай алмайды.

Төртіншіден, Маттарелла мырза Италиядағы коронавирусқа қатысты ресми түрде екі рет қана сөз сөйледі – 27 наурыз (бұл пікірді біз қарастырмаймыз, себебі фейк хабарлама оған дейін тарады) және 5 наурызда. Президент мәлімдемесінде азаматтарды үкімет қабылдаған ұсыныстарды қолдап, «Италияға сенуге» шақырды. Осылайша, президент айтты делінген жолдаудың жалпы мағынасы мына сөзіне қарама-қайшы болып тұр.

Фейк | Маттарелла: «Италия өмірлік карантин жариялайды»
Хабарлама мынадай

Армяндық «Фактілерді тексеру платформасы» фактчекерлерінің болжауынша, «әлемді дүр сілкіндірген» Италия президентінің сөзін қүрастырушылар 21 наурызда премьер-министр Джузеппе Контенің сөзінен әсерленген. Үкімет басшысы ұлтқа арналған жолдауында коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейтіп, оның ішінде 3 сәуірге дейін «Италия бойынша өмірлік маңызды емес өнідірістердің» жабылатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Конте: «Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай, біз болжағандай, экономика саласындағы төтенше жағдайға ұласты. Бірақ мен сіздерге мемлекет осында, жаныңызда екенін жеткізгім келеді. Үкімет қайтадан көтеріліп, мүмкіндігінше бәрін тезірек жаңадан бастау үшін төтенше шараларға барады», деп атап өтті.

Біздің фейктер туралы жаңа материалдарымызды қазақ тілінде @birgeteksereik және орыс тілінде @factcheckkz телеграм-арналаларынан оқи аласыздар.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz