Фейк | Карантин 2 айға созылады

Әлеуметтік желіде “Төтенше жағдай режимін шілденің 24-не дейін ұзартады” деген қауесет тарап жүр. Тіпті Хабар 24 арнасының видеосы да бар. Шынымен ТЖ созыла ма? Бұл видео қайдан шықты? Factcheck.kz тексеріп көрді.

Елде ТЖ режимі шілденің 24-не дейін созылады

Әлеуметтік желідегі хабарлама

Үкім: Фейк

Бұл – Хабар 24 арнасының 3 мамырдағы сюжетінен қиылған видео. Түпнұсқада Франция туралы айтылған, Қазақстанға еш қатысы жоқ.

Тұпнұсқа видеоның 12 минут 28 секундына қарасаңыз “Франция билігі елде ТЖ режимін шілденің 24-не дейін ұзартпақ” деп басталатын сюжеті басталады. Ал, WhatsApp-та тараған видеода “Франция билігі” деген тіркесті алып тастаған, қалған бөлігін біздің елге қатысы бар деп таратқан. Толық видеоны төменнен қарасаңыз болады.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Назарбаевтың былтырғы мәлімдемесі де монтаждалып тараған еді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz