Фейк | Канада қарттар мен балалар үйін біріктірді

Әлеуметтік желіде «Канадада біреудің керемет идеясын жүзеге асырды – қарттар үйі балалар үйімен біріктірілді» деген хабарлама тарап жатыр. Нәтиже күткеннен де асып түсті – қарттар сүйікті немерелерін тапты, ал жетімдер алғаш рет махаббат пен қамқорлықтың не екенін сезінді. Сонымен қатар, дәрігерлер егде жастағы адамдардың барлық өмірлік функциясы жақсарғанын хабарлады. Енді не керек, ақпаратты тексереміз…

Фейк | Канада қарттар мен балалар үйін біріктірді
Таралған фото

Үкім: Фейк

Ресми және бейресми ресурстарда Канададағы қарттар үйі балалар үйімен біріктірілгені туралы ақпарат жоқ. Шындығында, мұндай реформа әлі ешбір елде болған емес. Ақпараттың өзі 2018 жылдан бері бірнеше тілде таралып жүр.

Бұл фейкке Жапония, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралия сияқты елдерде ұзақ жылдар бойы жүзеге асырылып келе жатқан «Ұрпақаралық оқу орталығы» (Intergenerational Learning Centers) деп аталатын жоба негіз болған. Жоба аясында балабақша (балалар үйі емес) тәрбиеленушілері уақытын қарттар үйінде өткізіп, олармен әңгімелеседі, сабақ оқиды және әртүрлі ойын ойнайды. Дегенмен өзіңіз түсініп отырғандай, бұл балалар үйі мен қарттар үйінің біріктірілуі емес.

Толығырақ…

Алғаш рет фейк 2018 жылы желіде орыс тілінде тарала бастады. Болжам бойынша, алғашқы посттар lifedeeper.ru, liveinternet.ru сайттарында және «Пикабу» интернет-форумында пайда болды.

«Пикабу» интернет-форумынадғы пост авторы қолданған фотосуреттер Сиэтлдегі ұрпақтарды оқыту орталығынан алынған, ол Провиденс Маунт Сейнт Винсент қарттар үйінде орналасқан.

Фейк | Канада қарттар мен балалар үйін біріктірді
Фото авторы: Эрика Шульц, The Seattle Times үшін

Фейк басқа тілдерде де таралған (таралып келе жатыр)

Фейк | Канада қарттар мен балалар үйін біріктірді
Фейктің неміс және поляк тілдеріндегі мысалы

2020 жылдың шілдесінде арабтардың Misbar.com фактчекинг сайты фейкті ағылшын және араб тілдерінде әшкерелеген еді.

Ұрпақаралық оқу орталықтары

2018 жылы қазақстандық «Экспресс К» газеті сайтында балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді ұсынған мақала жарияланған еді. Мақала авторы, басқа дәлелдермен қоса, америкалық Сиэтлде осындай эксперимент жүзеге асырылғанына тоқталып өтеді. Шындығында, әңгіме біз бұған дейін айтқан ұрпақаралық оқыту орталығы туралы болып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл қарттар үйін балалар үйімен біріктіру деген сөз емес.

Ұрпақаралық оқу орталықтары қарттар үйі негізінде құрылады, онда балабақша жасындағы балалар қарттармен уақыт өткізіп, араласуы үшін қабылданады.

Тиффани Янсен The Atlantic-ке арналған мақаласында жазғандай, алғашқы ұрпақаралық оқу орталықтары 1970-жылдары Жапонияда пайда болды. 1990-жылдары бұл идея Солтүстік Америкаға тарады.

Мұндай жоба жетекшілері ұрпақаралық қарым-қатынас балаларға да, қарттарға да оң әсер ететініне сенімді. The Conversation хабарлағандай, мұны көптеген зерттеу дәлелдейді.

Қорытынды: Канададағы балалар үйі мен қарттар үйінің біріктірілгені туралы ақпарат – фейк. Әрине, бұл мұндай идея болашақта жүзеге аспайды дегенді білдірмейді.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz