Фейк | Италия жаппай исламды қабылдап жатыр

Covid-19 вирусымен бірге көптеген фейк тарап жатыр. Factcheck.kz әдеттегідей коронавирусқа қатысты әлеуметтік желі мен ютубта жарияланып жатқан тағы бір контенттің рас-өтірігін тексерді.

Италия коронавирусқа байланысты бақылау күшін жоғалтқаннан кейін, Ислам дінін жаппай қабылдап жатыр. Құдайым, өз құлдарыңды мейіріміңе бөлегейсің.

Желіде тараған видеоның жазбасы:
https://www.instagram.com/p/B-IDquXB6XP/

Factcheck.kz бұл видеоның қайда түсірілгенін анықтады.

Үкім: Жалған

Бұл видеоның Италияға еш қатысы жоқ. Коронавирусты дінмен байланыстырып фейк ақпараттың тарауы бірінші рет емес. Бұған дейін осыған ұқсас фейк ақпарат Қытайдағы жағдайға қатысты тараған болатын.

Видео Гамбургтың (Германия) орталығында өткен митингте түсірілген. Митинг Қытайдағы мұсылман азшылық топтарының қысымына қарсы 2020 жылдың 11 қаңтарында болған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz