Фейк | Аустралия коронавирус жұқтырған баланы ата-анасынан ажыратты

Әлеуметтік желі қолданушылары “Аустралия коронавирус жұқтырған баланы ата-анасынан ажыратып жатқаны жайлы” видеоны жиі бөлісіп жатыр. Reuters фактчекерлері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазіргі уақытта видеоны Twitter, Facebook, TikTok қолданушылары жиі бөлісіп жатыр. Сонымен қатар, шамамен мыңдаған көрілім жинады. Салдарынан кейбір пайдаланушылар Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисонды сынай бастаған.

Аустралияның оңтүстік-шығыс Виктория штатының полициясы бұл видеоның интерпретациясы дұрыс емес екенін хабарлады.

Сонымен бірге, 20 тамызда құқық қорғау органының өкілі Twitter парақшасында пост жариялады. Оның айтуынша, видеоның коронавирусқа немесе вакцина салу мәселесіне еш қатысы жоқ.

“Барлық қатысушылардың құпия ақпаратын қамтамасыз ету үшін ешқандай қосымша ақпарат бермейміз”, – деді ол.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz