Фейк | Астана әкімдігіндегі сығылыс

Осындай тақырыбы және мұқабадағы суреті бар (төменнен қараңыз) видео YouTube платформасында таралып жатыр. Адамдар көп жиналған кадрлар көрсетіледі, сығылыстан қоршаулар сынып, адамдар 4-қабаттан құлаған. Видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 8 наурыз қарсаңында көп балалы аналарға әлеуметтік көмек беру туралы жаңалықтар аясында тарады. Бұл Қазақстан астанасында болған деп хабарланды (басқа қалаларда болғаны туралы нұсқалар да бар).

Фейк | Астана әкімдігіндегі сығылыс

Үкім: Фейк

Бұл видео 2 наурыз күні таңертең Боливиядағы El Alto университетінде түсірілген. Кем дегенде жеті студент темір қоршау сынғаннан кейін университет ғимаратының төртінші қабатынан құлап қайтыс болды, бесеуі ауыр жарақат алды. Видеода студенттердің тар дәлізде сығылысып, мәжіліс залына жиналысқа кіруге ұмтылғаны, содан қоршау шыдамай, сынып кеткені көрінеді.

https://www.wkrg.com/video/seven-students-dead-after-balcony-rail-collapses-during-assembly/

Төменде университеттің ресми мәлімдемесі берілген.

Фейк | Астана әкімдігіндегі сығылыс

El Alto универсиетінің Twitter-дегі ресми парақшасы

Мәтін аудармасы:

Университет басшылығы халықты Эль-Альто мемлекеттік университеті университеттерінің құрметті кеңесі мынадай шара қабылдағанын хабарлайды:

1. Эль-Альто мемлекеттік университетінде 2 наурыз күні таңертең болған қайғылы оқиғаға байланысты университет бойынша 7 күндік аза жариялансын.
2. Эль-Альто мемлекеттік университеті жараланған және қайтыс болған университет студенттерінің отбасымен ынтымақтастықта жарақат алған университет студенттеріне медициналық қызмет көрсету шығындарын және қайтыс болған университет студенттерін жерлеу шығындарын өтейді.
3. Эль-Альто мемлекеттік университеті оқиғаны тергеуге қатысу үшін Заңды дирекция арқылы Мемлекеттік министрлікке шағым түсіреді.
4. Университет басшылығы қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтады.

Қазақстандағы төлемдер ше?

Әлеуметтік көмекке келер болсақ, «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек беру, олардың мөлшерін белгілеу және жекелеген санаттар тізімін анықтау ережелері туралы» заң бойынша, атаулы және мереке күндері әлеуметтік көмек қарастырылған. Оның мөлшері – 2,5 АЕК. Бұл – шынымен де, шамамен 17 доллар (7 мың теңгеден сәл асады).

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz