Фейк | “Ақ” нәсілді полицей “қара” нәсілділердің аяғын жуды

Әлеуметтік желіде расизмге қатысты наразылықтың туындауына байланысты жаңа фейк пайда болды. Желі қолданушылары “қара” нәсілді дін қызметкерінің аяғын жуып жатқан “ақ” нәсілді полицейлердің видеосын таратып жатыр.

Оқиға АҚШ-тың Кери қаласында болған. Жергілікті Legacy Center Church шіркеуінің ұйымдастыруымен болған “серуен дұғасының” видео-скриншотын желі қолданушылары таратып жіберген. Бұл ақпарат туралы украиналық “Буквы” басылымы жазды.

Фейк | "Ақ" нәсілді полицей "қара" нәсілділердің аяғын жуды
видеоның скрині

Шіркеу ұсынған видеода көптеген адамның серуенге шығып, дұға жасап жатқанын байқаймыз. Дін қызметкерлері отырғаннан кейін, қатысушылар олардың аяқтарына су құйылған легенді қояды.

Осыдан кейін, ұйымдастырушылардың бірі “қара” нәсілді полиция қызметкерін осы ритуалға қосылуын сұрайды, артынша полиция қызметкері келіп, тізерлеп отырып басын еңкейтеді. Оған тағы екі “ақ” нәсілді полицей келіп қосылады.

Видеоны толығымен қарайтын болсақ, дін қызметкерлерінің аяғын полицейлер емес, басқа адамдардың жуып отырғанын көруге болады.

Factcheck.kz-тен: аяқты жуу дәстүрі адамды Иса Мәсіхке мойынсұнғандығының көрінісі ретінде сипатталған оқиға. Қазіргі шіркеу тәжірибесінде бірқатар христиан конфессиялары еліктейтін рәсім бар. Кери қалалық шеркеулерінің бірінде тәртіп өзгеріп, оған полицейлер де қатыстырылуы мүмкін. Алайда, Facebook-та жарық көрген постта ешқандай нақтылау байқалмайды.

Контекст

  • Мамыр айының соңында АҚШ-та “қара” нәсілді Джордж Флойдты ұстау кезінде ақ нәсілді полицейдің өлтіруі байланысты жаппай наразылықтар басталды.
  • NYT журналистері Джордж Флойтың туралы хронологиялық материал шығарды.
  • Әлеуметтік желілерде наразылық білдірушілерге қатысты полицияның қатаң іс-әрекеттері таралып жүр. Сонымен қатар, желіде Джордж Флойдтың өлімі туралы түрлі қауесеттер тарады. Мысалы, Флойдтың шын мәнінде тірі екендігі туралы ақпарат та бар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz