Фактчекинг бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқу құралы жарық көрді

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Factcheck.kz Сорос-Қазақстан қорының қолдаумымен фактчекинг бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқу құралын жарыққа шығарды. 

Украиндық фактчекер Александр Гороховскийдің «Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы» деп аталатын оқу құралы енді қазақ және орыс тілді оқырмандарға қолжетімді.

Фактчекинг журналистика зерттеуінің-...

Оқулықтарды Factcheck.kz редакциясынан немесе сілтеме арқылы электронды нұсқасын алуға болады. 

Александр Гороховский – Factcheck.com.ua. жобасының бас редакторы. Автор еңбегінде фактчекинг әдістері мен құралдары жайында баяндайды. Фактчекинг жанр ретінде қазіргі әлемдік медиа ортада дезинформацияға жол бермеу мақсатында қолданылатын негізгі құрал. Ол пост-шындық, жалған ақпарат және насихаттан сақтанудың ерекше бір жолы іспеттес.
Сонымен қатар, фактчекинг сөз бостандығының негізгі қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді. Фактчекинг жарияланған фактілер, фото мен видеоның рас-өтірігін анықтайды. Сонымен қатар, саясаткер, шенеунік және қоғам қайтаркерлерінің ел алдында айтқан сөздері мен мәлімдемелерінің шындыққа қаншалықты жанасатынын тексереді, аңыздар, стереотиптер мен жалған ақпаратты әшкерелейді.
Думан Смақов
Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы