Фактчекерлер YouTube-ті фейк жаңалық тарататын негізгі арна деп сынады

Фактчекинг ұйымдарының жаһандық коалициясы YouTube-ті интернетте жалған ақпараттың таралуына түрткі болатын негізгі арна деп санайды. Бұған қоса, компания платформада фейкпен күресу үшін жеткілікті деңгейде әрекет етпейтінін жазды. Бұл туралы The Guardian сайты хабарлады.

Компанияның ресми өкіліне жазылған хатқа 40 елдің 80-нен астам фактчекинг ұйымы қол қойды. Оның ішінде Британдық Full Fact және Washington Post фактілерді тексеру бөлімі бар.

YouTube жаман ниетті ойыншыларға платформаны манипуляция құралы ретінде пайдалануға, сонымен қатар, топтасып ақша жинауға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі қолданып жатқан шаралар жеткіліксіз.

YouTube атқарушы директорына (Сьюзан Войжитски) жазылған хаттан үзінді.

Хатта YouTube-тің фейк ақпаратпен күресудегі сәтсіздігі бірнеше елде байқалып жатқаны жазылған. Нигерия, Филиппин, Колумбия, Үндістанның фактчекерлері Филиппиннің бұрынғы президенті Фердинанд Маркостың билігі туралы фейк контенттер бар екені жайлы мысал келтірген. Сонымен қатар, Бразилиядағы осал топтарға қатысты алауыздықты қоздыратын контент бар екенін де жазған.

Хатқа жауап ретінде YouTube өкілі Елена Эрнандес «шекаралық» (YouTube ережесін бұзуға жақын, бірақ ережені шектен тыс бұзбайтын контентке арналған термин) фейк ақпараттың таралуын азайтуға компанияның қомақты инвестиция құйғанын айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz