Фактчек | Тоқаев: Әлем елдерінің 60% -ында мектепке 6 жастан барады

16 тамызда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясындағы сөзінде: «Әлем елдерінің 60% -ында мектепке 6 жастан барады», деп айтқан еді. Factcheck.kz Тоқаев айтқан статистиканың рас-өтірігін тексерген болатын.

Үкім: Жалған

Дүниежүзілік банктің 2018 жылғы дерегінше, 103 елде 6 жастан мектепке қабылдайды. Бұл президент Тоқаев айтқандай 60 пайызды емес, 49,5% — ды құрайды.

Ал егер, 6 жасқа дейін және 6 жастан мектепке қабылдайтын елдерді есептегенде 71,6%-ды құрайды (149 ел). Бұл дерек те президент айтқан мәлімдемемен сәйкес келмейді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz