Фактчек | Теміржанов ауылшаруашылығы техникасының утилизация алымы туралы

2 қыркүйекте Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Мұрат Теміржанов ҚР Экология министрлігі енгізген импорттық ауылшаруашылығы техникасының утилизациялық алымын сынға алды. Оның айтуынша, бұл шара ауыл шаруашылығы бірлестіктерінің қызығушылықтарына сай келмейді және жалпы аграрлық сектордың өнімділігінің артуына кедергі келтіреді. Депутат өз өтінішін фермерлер, картоп, көкөніс өсірушілер, Қазақстанның ет және мен астық одағының мәжіліске утилизация алымын жою туралы өтінішіне байланысты айтты.

Теміржановтың айтуынша, тракторлар үшін утилизация алымының ең жоғары мөлшерлемесі біреуіне 11 млн теңге, ал комбайнның біреуіне 12,5 млн теңгені құрайды. Қуаттылығы 161-ден 220 аттың күшіне жететін жиып-тазалаушы машинаның утилизация алымы 18%, яғни осы техниканың құны 36 млн теңге болса, утилизация алымының ең төменгі мөлшері 6,4 млн теңге.

Үкім: Шындық

Автокөлік пен ауылшаруашылық техникасын утилизация алымына төлемді есептеу үшін бұйрықта бекітілген арнайы формула пайдаланылады. Депутат келтірген сандар біздің есебімізбен сәйкес келіп тұр. 

«Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) утилизацияны ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №762 бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасына қатысты утилизация алымы үшін төлемақыны есептеуде мынадай формуланы пайдалану қажет:

БҚ = базалық мөлшерлеме * коэффициент

Базалық мөлшерлеме мен коэффициенттерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұсынады. Олар сол бұйрықтағы арнайы кестеде көрсетілген және техниканың түрі мен сипаттамаларына байланысты өзгеруі мүмкін.

Фактчек | Теміржанов ауылшаруашылығы техникасының утилизация алымы туралы
Автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауылшаруашылығы техникасына қатысты утилизация үшін базалық мөлшерлеме және төлемақы коэффициенттері (№762 бұйрыққа қосымша кестенің бір бөлігі)

Тракторлар бойынша утилизация алымының ең жоғары мөлшерлемесін есептеу үшін қуаты 380 а.к. асатын тракторды алып, оған сәйкес базалық мөлшерлеме мен коэффициентті көбейтеміз.

50*2778*80 = 11 112 000

Енді осы үлгімен комбайндардың ең жоғары утилизация мөлшерлемесін есептейміз:

50*2778*90 = 12 501 000

Мұрат Теміржанов та шамамен осы сандарды келтірді. Пікірдің екінші бөлігіне келер болсақ, шын мәнінде бұйрықта утилизация алымы техниканың бағасына байланысты есептеледі деген бөлік жоқ. Дегенмен, қалай екені белгісіз, депутаттың есептеулері шындыққа өте жақын келіп тұр.

Егер қуаттылығы 161 а.к.-нен 220 а.к.-не жететін комбайн алсақ, утилизация алымы 6 389 400 теңгені құрайды. Яғни депутат айтқан 6,4 млн-ға жуық. Егер комбайнның бағасы 36 млн болса утилизация алымы техника бағасының 17,7%-ін құрайды (18%-ке жуық). Теміржанов ақпаратты мөлшерлеме баға негізінде есептелген тәрізді жеткізді, дегенмен іс жүзінде дәл осы формула қолданылған.

Утилизация алымы қаншалықты тиімді және ол жергілікті ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне шынында кедергі келтіре ме деген сұрақ екі жылдан бері талқыланып келе жатыр. Оқиғаны толық түсіну үшін Informburo.kz порталының осы тақырыпқа арналған былтырғы мақаласын оқуға кеңес береміз. Ол барлық импортталған ауылшаруашылық техникаларына утилизация алымын енгізгенге дейін шыққанына қарамастан, мақалада жанжал нақты сипатталған. Мәселені талқылауға қатысатын барлық тараптардың – жауапты бөлім, аграрлық қызметкерлер және машина жасаушылардың дәлелдері келтірілген.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz