Фактчек | Перуашев Covid-19’дың екінші толқыны статистикасы туралы

28 қазанда Қазақстан Республикасы Мәжілісінің кезекті пленар отырысында «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев (коронавируспен ауырған медицина қызметкерлеріне төлемді қалпына келтіру туралы Премьер-министрге жолдаған сауалында) Еуропадағы, Ресейдегі және Қазақстандағы ауырудың қазіргі жағдайына қатысты мәліметтер жариялады.

Мәлімдеме: … (төлемдердің күші жойылды – авт.) бүкіл әлемде пандемияның кезекті толқыны басталған сәтте кейбір еуропа елінде ауырғандар саны тәулігіне 40 мың адамнан асады, ал көршілес Ресейде күн сайын, шамамен 17-18 мың адам вирус жұқтырады, 300-ден астам адам қайтыс болады. Қазақстанда жағдай жақсырақ екені сөзсіз, бірақ вирус жұқтыру тенденциясы да айқын.

Азат Перуашев

Үкім: Шындық

Шынында, күз келе Еуропада аурудың екінші толқыны біртіндеп басталды, бұл көрсеткіш біріншіден де асып түсті … Статистиканы Worldometers-тен көруге ​​болады. Жеке еуропа елдері туралы айтатын болсақ, материал шыққан сәтте бұл цифрлар (күніне 40 мың жағдай) тек Францияға қатысты.

Фактчек | Перуашев Covid-19'дың екінші толқыны статистикасы туралы

3 қарашадағы жағдай бойынша өсім – 36 330. Сол күні Францияда коронавирустан 854 адам қайтыс болды. Ресейде 355 азамат көз жұмды.

Фактчек | Перуашев Covid-19'дың екінші толқыны статистикасы туралы

Азат Перуашев Ресейде аурудың күнделікті тіркелетін саны туралы дұрыс айтады. 4 қарашада 19 768 адамның, 26 қазанда 17 347 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Фактчек | Перуашев Covid-19'дың екінші толқыны статистикасы туралы

Қазақстанға келер болсақ, қазір тамыз бен қыркүйек айларындағы көрсеткіштерден алыспыз, бірақ көрсеткіш төмендегеннен кейін белгілі бір өсу үрдісі байқалады. Күнделікті вирус жұқтырғандар тіркелген кесте:

Фактчек | Перуашев Covid-19'дың екінші толқыны статистикасы туралы

Еске салайық, 4 қарашадағы жағдай бойынша елде ауырғандардың жалпы саны – 113 741, жазылғандар саны – 106 893. 221 Қазақстан азаматының жағдайы ауыр.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz