Фактчек | Перуашев: Банктердің ссудалық портфелі елдің экономикасында 2015 жылы 38%, былтырғы жылы 22%-ке дейін азайып кетті

10 маусымда ҚР парламенті төменгі палатасының кезекті пленарлық отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Азат Перуашев елдің экономикалық даму мәселелерін айта келе, 2015 пен 2019 жыл аралығында банктердің ссудалық портфелінің қысқарғанын да тілге тиек етті. Тексереміз.

Мәлімдеме: Банктердің ссудалық портфелі елдің экономикасында 2015 жылы 38%, былтырғы жылы 22%-ке дейін азайып кетті

Азат Перуашев

Автор нені айтпақ болды?

Тіркес түсініксіз, мәжілісменнің не айтқысы келгені белгісіз. Егер әңгіме ел экономикасын банктердің несиелеуі туралы болса, онда мәлімдеме мүлдем шындыққа жанаспайды және оны жалған деп айтуға болады.

Жалпы 2015-2019 жылдар аралығында банктердің экономиканы несиелеуі азайған жоқ (2017 жылды қоспағанда), керісінше өсіп отырған. ҚР Ұлттық банкінің статистикасы солай дейді.

Фактчек | Перуашев: Банктердің ссудалық портфелі елдің экономикасында 2015 жылы 38%, былтырғы жылы 22%-ке дейін азайып кетті

2015 жылға арналған жылдық есепте былай делінген:

«Банктердің экономиканы несиелеу көлемі 2015 жылы 4,7%-ға (2014 жылы 7,2%-ға) 12,7 трлн теңгеге дейін артты. Ұлттық валютадағы несие 2015 жылы 1,9%-ға, 8,4 трлн теңгеге төмендеді. Ал шетел валютасындағы несие 20,7%-ға, 4,3 трлн теңгеге дейін артты. Несиелердің долларлану дәрежесі 29,2%-дан 33,7%-ға жоғарылады.

Біз бұған дейін экономиканы несиелеуге қатысты ресми тұлғалардың жалған және манипуляциялық пікірлері туралы жазған едік. Несиелеудің 22%-ға қысқарғаны туралы бұл ақпарат та бізге бірінші рет кезігіп тұрған жоқ. Кейде ньюсмейкерлер сөйлемді дұрыс құрастырмайды, мәселен, экономиканы жалпы несиелеу туралы мәлімдеме жасап, шын мәнінде, мысалы шағын бизнесті несиелеуді ғана айтқысы келген болуы мүмкін. Мында қарыз портфелі шынында 2016-2018 жылдар аралығында төмендеген.

ЖІӨ-ге қатысты нұсқа

Мүмкін Азат Перуашев шын мәнінде қарыз портфелі мен ЖІӨ-нің байланысын айтқысы келген болар. Яғни ЖІӨ-ге қатысты 2015 жылы 38% болған, 2019 жылы 22%-ға қысқарған. Осы нұсқаны да тексеріп көрейік. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегі бойынша 2015 жылы елдегі ЖІӨ 40,9 трлн теңгені, ал 2019 жылы 68,6 трлнды құраған.

Осылайша 2015 жылы экономикадағы қарыз портфелі ЖІӨ-нің 31 %-ын құраса, 2019 жылы 20,26% болған. Спикер осы секілді салыстыруды айтқысы келген болса, бұл жерде де анық емес дүние көп. Сол  себепті мәліметтерді келтіру кезінде қателік кетті деп айтар едік.

Сонымен қатар, бизнесті түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары қаржыландыратынын да айта кеткен жөн. Бұл ретте қаражат әлі де екінші деңгейдегі банктер бойынша бөлінеді, содан кейін ШОБ-ті жеңілдік бойынша несиелейді.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz