Фактчек | Назарбаев: Үкімет құрамы 70% -ға жаңарды

27 ақпан күні “Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттік бағдарламаны жасау және әлеуметтік жәрдемақыны көтеруге қатысты тапсырма бере отырып бірнеше мәлімдеме жасады. Мәлімдеме аймақтардағы жолдардың сапасына, ТКШ саласы және әкімдердің халықпен бірлесе жұмыс істеуіне қатысты болды. Factcheck.kz редакциясын жаңа үкіметке, оның пайыздық мөлшеріне қатысты жасалған мәлімдеме қызықтырды.

«Өздеріңіз білетіндей, бізде Үкімет ауысып, құрамы 70%-ға жаңарды»

Үкім: Жалған

Үкіметтің ресми сайты government.kz сәйкес оның құрамына премьер-министр, оның орынбасарлары және министрлер кіреді, жалпы саны 18 адам. Үкіметтің жаңа құрамында 6 адам пайда болды, яғни құрам 33%-ға жаңарды.

  1. Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова (бұрынғы мемлекеттік хатшы)
  2. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (бұдан бұрын Ақтөбе облысының әкімі болды)
  3. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр (осы мекеменің бұрынғы бірінші вице-министрі)
  4. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов (бұрын осы мекеменің бірінші вице-министрі болған)
  5. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова («Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ бұрынғы басқарма төрайымы)
  6. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров (бұған дейін мәжіліс депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болған)

Сарапшы пікірі

Саясаттанушы Марат Шибұтов үкіметтің жаңа құрамы туралы: «Яғни жаңа үкіметке тек 6 адам қосылды, қалған он екісі бұрынғы мүшелер, 33,3% және 66,6%. Үштен бірі жаңарды, бұл аса көп емес. Алты жаңа адамның ішінде Роман Скляр мен Руслан Дәленов бұрын да осы министрлікте жұмыс істеген, сырттан төрт адам келді. Бірақ олар да бұрыннан осы салада жүргендер – Омаров ауыл шаруашылығы министрі болды, Шәмшидинова білім вице-министрі, Әбдіхалықова тұлғаны дамыту вице-премьері, Сапарбаев еңбек және әлеуметті қорғау министрі болған.

Жалпы үкіметте жаңа адам жоқ. Жаңалық күтуге болатын жалғыз тағайындау Руслан Дәленов. Меніңше, оның көзқарасы мен ойы ерекше.

Жаңа құрам

  1. Премьер-министр Асқар Мәмин (Бақытжан Сағынтаевты ауыстырды)
  2. Бірінші вице-премьер және қаржы министрі Әлихан Смаилов (бұрын тек қаржы министрі еді) – экономикалық блокқа жетекшілік ететін сияқты
  3. Вице-премьер Жеңіс Қасымбек (бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі) – өндіріс секторына жетекшілік ететін тәрізді
  4. Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова (бұрынғы мемлекеттік хатшы) – әлеуметтік блокқа жетекшілік ететін тәрізді
  5. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов
  6. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев
  7. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев
  8. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр (бұрынғы осы мекеменің бірінші вице-министрі)
  9. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев
  10. Әділет министрі Марат Бекетаев
  11. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы
  12. Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов
  13. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова (бұрынғы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы)
  14. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев (бұрын ақпарат және коммуникациялар министрі болған)
  15. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов (бұрын осы мекеменің бірінші вице-министрі болды)
  16. Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров (бұрынғы мәжіліс депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы)
  17. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (бұрынғы Ақтөбе облысының әкімі)
  18. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев (бұрын қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі және вице-премьері болды)

Заң не дейді?

Қазақстан Республикасының 1995 ж. 18 желтоқсандағы конституциялық заңы, 3-бап, 4 тармағына сәйкес үкімет құрамына үкімет мүшелері – Республика премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың басқа да лауазымды адамдар кіреді.

Мемлекеттік қызмет туралы заң, 1-бап, 8-тармақ – лауазымды адам – билік өкілінің функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адам.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz