Фактчек | Мешіт салу үрдісі кең етек алды

Қаңтардың 10-ы күні Abai.kz сайтына “Бүлдіршіндер мешітке емес, балабақшаға мұқтаж” мақаласы жарық көрді. Мақала мазмұнында елімізде соңғы жылы “мешіт салу үрдісі кең етек алды, балалбақша саны өспей отыр” деп жазылған.

Фактчек | Мешіт салу үрдісі кең етек алды
Abai.kz сайтынан скрин

Салтанат Әшірбайдың мешіт туралы жазған Facebook парақшасындағы жазбасы мақалаға негіз болған. “Мектеп салу керек қой”, “балабақшада орын жетпейді”, “балаларымызды медресеге береміз бе” деген секілді пікірлер айтылып, талқыға түскен. Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Елімізде соңғы жылдары мешіт салу үрдісі кең етек алды. Балабақша саны өспей отыр

Үкім: Жалған

ҚР Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылы 69 балабақша (мектепке дейінгі ұйым), 6 мешіт пайдалануға берілген. ҚР Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылы 71 мектеп, 69 балабақша (мектепке дейінгі ұйым), 6 мешіт, 3 аурухана пайдалануға берілген.

Соңғы бес жылдың ресми дерегі бойынша мектеп, мешіт, аурухана, балабақша саны төмендегідей:

Назар аударыңыз! Соңғы бес жылдың ресми дерегін білу үшін ҚР Статистика комитетіне сауал жолданды. Жауапта “Білім беру және денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру” деп көрсетілген. Екінші мәрте комитетке хабарласып, “салынған” деген ақпарат сұрадық. Комитет қолда бар мәліметтің осы екенін айтты.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz