Фактчек | Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 29,2 % құрайды

21 қазанда өткен мәжіліс отырысында депутаттар қарыз мәселесін талқылады. Бұл туралы sputnik.kz сайты жазды. Қазақстан және өзге елдердегі ахуал қандай, 2020 жылы мемлекеттік қарыз қанша болды бірге тексеріп көрейік.

Ел үкіметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2020 жылдың өзінде мемлекеттік қарыздың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 29,2 процентті құрайды. Қарыз сомасы өскендіктен, республикалық бюджетке түсетін салмақ та артады. Себебі оны өтеуге қажетті шығындар өседі

Дания Еспаева, депутат

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Қаржы министрлігінің 2020 жылдың І жартыжылдықтағы есебі депутат мәлімдемесімен сәйкес келмейді. Депутат нақты уақытты айтпаған соң, соңғы ресми деректі ұсынамыз. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш – 18 233,3 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге 26,2% құрады.

Осы тұста Қазақстаның жалпы сыртқы қарызы мен мемлекеттік қарызын шатастырып алмаған жөн. Ал ҚР Ұлттық Банктің 2020 жылдың 1 шілдедегі мәліметінше, Қазақстанның сыртқы қарызы – 159,8 млрд теңге.

…Сосын біз өз қарызымызды басқа елдермен салыстырып тұрамыз. Мәселен, Түркияда мемлекеттік қарыздың мөлшері ішкі жалпы өнімге шаққанда 40 процентті құрап отыр. Мексикада – 55 процент, Индонезияда – 37 процент.

Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі

Мәлімдемеде айтылған елдерді жеке-жеке қарастырып көрейік…Тағы бір ескеретін жайт, министр нақты қай уақыт аралығындағы статистикалық деректер екенін айтпаған. Сол себепті 2020 жылдың соңғы мәліметтерін ұсынамыз.

Түркияда мемлекеттік қарыздың мөлшері ішкі жалпы өнімге шаққанда 40 процентті құрап отыр.

Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі

Үкім: Шындық

Министр шындыққа сай мәлімдеме жасады. CEIC Data сайтының соңғы мәліметінше, 2020 жылдың маусымында Түркияның мемлекеттік қарызы ішкі жалпы өнімге шаққанда 39,4 пайыз болған.

Фактчек | Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 29,2 % құрайды

Мексикада мемлекеттік қарыздың мөлшері ішкі жалпы өнімге шаққанда 55 процентті құрап отыр.

Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі

Үкім: Шындық

CEIC Data сайтының соңғы мәліметінше, 2020 жылдың маусымында Мексиканың мемлекеттік қарызы ішкі жалпы өнімге шаққанда 54,6 пайыз болған. Бұл 2005 жылдан бергі алғашқы рекордтық көрсеткіш. Ал елдің мемлекеттік қарызы 2020 жылдың шілдесінде 572,7 млрд долларға жеткен.

Фактчек | Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 29,2 % құрайды

Индонезияда мемлекеттік қарыздың мөлшері ішкі жалпы өнімге шаққанда 37 процентті құрап отыр.

Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі

Үкім: Жартылай шындық

CEIC Data сайтының мәліметінше, 2020 жылдың маусымында Индонезияның мемлекеттік қарызы ішкі жалпы өнімге шаққанда 33,5 пайыз болған. Ал таза мемлекеттік қарыз 2020 жылдың шілдесінде 370,9 млрд долларға жеткен.

Фактчек | Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 29,2 % құрайды

CEIC Data сайты қаншалықты сенімді?

Сайтты 1992 жылы тәжірибелі экономистер мен талдаушылар тобы құрған. Сайттағы деректер әр елдің ресми әрі сенімді дереккөздерінен, сол елдің жауапты бөлімдерінен жиналады.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz