Фактчек | “Мектептерде тамақ, жүріп-тұру бәрі тегін болады” – Қ. Тоқаев

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі жағдайға байланысты “мектептерде тамақ, жүріп-тұру, форма мен басқа да қажеттіліктер тегін болады” деп айтқан мәлімдемесі тарап жүр. Сонымен қатар, Тоқаевтің мәлімдемесімен бірге “2022 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сынып оқушылары 100% бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі” деген видео да бөлісілуде. Осыған орай Factcheck.kz сайты ақпаратты тексеріп көрді.

Фактчек | "Мектептерде тамақ, жүріп-тұру бәрі тегін болады" - Қ. Тоқаев

Үкім: Манипуляция

Расымен де Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сөзді 2019 жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтқан және бұл артықшылық барлық оқушыға емес, тек көпбалалы және АӘК (АСП) алатын ата-аналардың балаларына ғана қатысты болған. Тоқаевтың бұл мәлімдемесінің қазіргі жағдайға және 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзіне еш қатысы жоқ.

Тайм-код: Президенттің сөзін 57 секундтан бастап қараңыз

2022 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сынып оқушылары 100% бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Видеодағы мәлімдеме
https://videopress.com/v/X5zYrcJM?resizeToParent=true&cover=true&preloadContent=metadata
Тарап жатқан видео

Үкім: Фейк

Видео монтаждалып-қиылған: “бірақ, бұл тек Шымкент қаласына қатысты, ертең бұл хабарламадан кейін Түркістан облысының барлығы “бізге ме?” деп дұрыс емес түсініктер туындамау керек” деген жерін әлдебіреулер қиып, алып тастап таратқан. Сондықтан да бұл жағдайдың Қазақстандағы барлық оқушыға қатысы бар деп айта алмаймыз.

Тайм-код: 39:58 минуттан бастап қараңыз

Видео-сұхбат Otyrar арнасындағы “Halyq&Bilik” бағдарламасында 11 желтоқсанда шыққан. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиевамен сұхбат барысында жүргізуші оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу мәселесін сұраған. Сұраққа жауап берген Жанат Тажиева өз сөзін “Бұл тек Шымкент қаласына қатысты” деген ескертумен бастаған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz