Фактчек | Масанчи ауылындағы видео

2020 жылдың 7 ақпанында Қазақстандағы Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. Әдеттегідей, әлеуметтік желі мен мессенджерлерде оқиға орнынан деп көрсетілген видео мен аудиожазбалар тарай бастады. Бұл жолы Қазақстан туралы шетелдік қолданушылар да жазды. Олар тәртіпсіздікті коронавируспен байланыстырды.

Factcheck.kz бірнеше видеоны тексеріп, олардың геолокациясын анықтады.

Тәртіпсіздікке қатысты видео

Үкім: Шындық

Видео расымен Қазақстанның Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында түсірілген. Түсірілімнің дәл уақытын анықтау мүмкін емес.

Жанған ғимарат пен көшенің қарсы бетіндегі бірнеше бағанаға назар аударайық.

Интернеттен осы аумақтың түрлі қырынан түсірілген видео мен суретін іздестіреміз.

Артқы қатардағы ғимарат пен бағанаға мән беріңіз, олардың түрі де, мекен-жайы да жанып жатқан ғимаратқа сәйкес келеді. Ғимараттың екі жағында баспалдақ бар, олар екінші қабатта, оң жақта бірінші және екінші терезенің арасында орналасқан. Жалпы біз екінші қабатта төрт терезе және үшіншіде екі терезе бар екенін байқадық. Шатыр жартылай дөңгелек пішінді, үшінші қабаттағы екі терезенің ортасы да, екі жаны да солай.

Ғимараттың жанып кеткен суретін 2020 жылдың 8 ақпанында «Радио свобода» басылымы жариялады.

Төрт бағана бар (видеода үшеуі көрсетілген), оларды біріктіріп тұрған көлденең жабын да жалпақ емес.

Видеодан байқағанымыз, ауылда қандай да бір іс-шара өтіп жатыр. Google-дан іздеу арқылы Қырғызстан Этникалық дүнгендер ассоциациясының сайтында 2018 жылы 30 қыркүйекте «Масанчи ауылындағы дүнгендердің Қазақстанда тұрып жатқанына – 140 жыл» деген тақырыппен мақала таптық. «29 қыркүйек күні «АДЭСК» БҚ активі Масанчи ауылындағы дүнгендердің Қазақстанда тұрып жатқанына 140 жыл толғанын тойлауға арналған мерекелік шараға қатысты», – делінген мақалада.

Инстаграм арқылы сол аумақты басқа қырынан қараймыз.

Колонналарды танып тұрсыз ба? Олар мерекелік зал ғимаратына апарады. Видеоның өзі сол жанып кеткен ғимараттың екінші-үшінші қабаттарынан түсірілуі мүмкін.

Тағы бір ракурс:

Көршілес үйге назар аударыңыз, тәртіпсіздікке қатысты видеода ол да көрсетілген:

Бұл үйлер Туиттерде тарап жатқан басқа видеода да бар.

Видеоның басынан талдаймыз. Ғимаратты таныдыңыз ба?

Басқа ұсақ детальдар – бағаналар мен бағдаршамдарды тексерейік.

Видеодағы кадрларды Инстаграмдағы суреттермен салыстырайық.

Осылайша, бұл видео да Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында түсірілген болып шықты.

АПДЕЙТ: Бізден бөлек видеоны Bellingcat командасының мүшесі Бенджамин Стрик тексеріп, төмендегідей тұжырымға келген:

Енді Твиттерде тарап жүрген видеодағы мәтінге келейік:

Unconfirmed report of an uprising in Kazakhstan, of insidious people in the region burning down Chinese restaurants and shops duo to the #Coronavirus.

Аудармасы: Расталмаған деректерге сәйкес, Қазақстанда тәртіпсіздік орын алуда – коронавирусқа байланысты қытай мейрамханалары мен дүкендерін өртеп жатыр.

Үкім: Жалған

Біріншіден, оқиғаға коронавирустың қатысы жоқ. Тәртіпсіздіктер тұрмыстық келеңсіздіктен туындаған, жанжалдың нақты себептерін ресми органдар анықап жатыр.

Екіншіден, Масанчи ауылының 90% тұрғындары – дүнгендер. Дүнген  – қытай емес. Олар XIX ғасырдың екінші жартысында Қытайдан сол кездегі Ресей империясының аумағына қоныс аударған және ислам дінін ұстанатын ұлт. Олар қытай тілінің диалектілерінде сөйлейді, бірақ, тағы да қайталаймыз, қытай емес.

Қираған ғимараттардың ішінде дүкендер мен дәмханалардың барын оқиға орнына келген тілшілер растады. Дегенмен, мекемелер қытайлықтарға тиесілі деген пікір – негізсіз.

Обьективтілікті сақтау үшін Factcheck.kz редакциясы жарнамадан бас тартып, мемлекеттен, ірі компаниялар мен саяси топтардан алшақ болу принципін ұстанып, тәуелсіздігін сақтап келеді. Қазір Factcheck.kz сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж. Оқырмандарымыздың біздің шотқа аударған қаржысы – фактчекер-журналистер, аудармашылар мен ұжымның басқа мүшелеріне еңбекақы, қаламақы төлеу үшін қажет. Олар ары қарай да тоқтамай еңбек етіп, шындықты, жалған мен манипуляциядан ажырата бермек. Біз сенімді дереккөзден тексерілген тәуелсіз ақпарат алуға әркімнің құқы бар екеніне сенеміз.


Өтінеміз, кез келген сомманы таңдаңыз…



немесе өзіңіздің біздің есепке аударғыңыз келген соманы жазыңыз

Виктория Ли
Журналист, фактчекер, фотограф.