Фактчек | Қытайда хантавирустан болған өлім – қауіп бар ма?

Қытайдың ұлттық People’s Daily ағылшын тілді газеті хантавирустар  тобына жататын вирустан адам қайтыс болғанын хабарлады. БАҚ пен әлеуметтік желілерде осы вирус туралы мәлімет кең тарап, үрей тудыруда. Тақырып кликбейтке толы, ал вирустың өзін жаңа қауіп деп атауда.

Үкім: Манипуляция

Хантавирустар ғылымға белгілі және 1980 жылы сипатталған, яғни бұл вирустың жаңа түрі емес (!). Иә, олар қауіпті, бірақ таралу ерекшелігіне байланысты үлкен эпидемиялық қауіп төндірмейді. Тек кеміргіштердің дәреті арқылы жұғады. Әлеуметтік желілер мен БАҚ халықтың үрейін тудырып, толық емес ақпарат таратып жатыр.

АҚШ ауруларды бақылау орталығының хабарлауынша, бұл вирусты тасушы болып саналатын кеміргіштермен (тышқан мен егеуқұйрық) байланыста болған сау адамның өзіне хантавирус жұқтырып алуы мүмкін. Сол себепті негізгі қауіпсіздік шарасы – хантавирус таралуы мүмкін аймақта, әсіресе дератизация шаралары жүргізілмейтін ауылды жерлерде кеміргіштерден сақтану.

Бүкіл әлемде жабайы кеміргіштерден хантавирус анықталады, олар өмір бойы зәр мен нәжіс арқылы вирус таратады. Кеміргіштер арасында беріледі.

Адамдар кеміргіштерден бөлінген жағымсыз заттардың буланған ауасын жұтқаннан індет жұқтырады. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл вирустың адамнан адамға берілуі өте сирек, 1990 жылдары Латын Америкасында тек бір оқиға тіркелген. Адам вирусты денесіне тигеннен, тіпті хантавируспен ауырған адамның сүйгені арқылы да жұқтыра алмайды.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz