Фактчек | Құлахметов қазақстандықтардың материалдық жағдайы нашарлап бара жатқаны туралы

7 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында Халық партиясының депутаты Ғазиз Құлахметов өз сауалында ел азаматтарының материалдық жағдайы нашарлап бара жатқанына тоқталды. Депутат сөз барысында «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ-ның ақпан айындағы сауалнама нәтижелерін келтірді. Оған сәйкес, респонденттердің 44%-ы елдің экономикалық жағдайы нашар немесе өте нашар деп санайды.

«2020 жылы олардың үлесі 14%, ал 2009 жылы 15% еді. Сауалнамаға қатысқандардың 26%-ы өз отбасының материалдық жағдайын нашар және өте нашар деп атаған. Ал 13%-ы ақшаның, тіпті, азық-түлікке жетпейтінін айтқан, бұл нағыз кедейліктің көрсеткіші. Ал «ақша тамаққа жетеді, бірақ киімге жетпейді» деп жауап бергендердің үлесі 2004 жылдан бері алғаш рет 35% болды», деп түйіндеді Құлахметов.

Депутат мәлімдемесін тексеріп көрейік.

Үкім: Шындық

Шынында да, 6-19 ақпан аралығында «Стратегия» ӘСЗО жүргізген сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың 44%-ы елдің экономикалық жағдайын «нашар» (30%) немесе «өте нашар» (14%) деп санайды. Респонденттердің 26%-ы өзінің қаржылық жағдайын «нашар/өте нашар» деп есептейді. Сондай-ақ қатысушылардың 13%-ы ақшаның азық-түлікке де жетпейтінін атап өтті, ал 35%-ы ақша киімге жетпейтінін айтқан.

Әрине, бұл жерде әңгіме тек нақты бір зерттеудің нәтижесі аясында болып отыр. Алайда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі төмендеп кеткені туралы осыған ұқсас мәлімдемелерді біз бұған дейін де бірнеше рет зерттеген едік. Олармен мына және мына жерден танысуға болады. Бірден айта кетейік, нәтижелер көңіл көншітпейді.

Сауалнамамен толық мына сілтемеден танысуға болады.

Сауалнамаға толығырақ тоқталайық

Қордың мәліметі бойынша, сауалнама жынысы, жасы және тұрғылықты жері бойынша квоталарға сәйкес ұлттық іріктеу негізінде жүргізілді. Сауалнамаға жалпы саны 1180 адам қатысқан.

Сауалнама нәтижесі негізінде авторлар бірнеше қорытындыға келді. Біріншіден, халықтың өз өміріне қанағаттану деңгейі тұрғысынан қазіргі жағдайды 2009 жылғы экономикалық дағдарыспен салыстыруға болады. Бұл, әрине, пандемияға және оған байланысты әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты.

Фактчек | Құлахметов қазақстандықтардың материалдық жағдайы нашарлап бара жатқаны туралы
ofstrategy.kz скриншоты

«Ел экономикасының жағдайы нашарлап кетті» деп санайтындардың саны артты. Бұл ретте респонденттердің айтуынша, елдің экономикалық жағдайы адамдардың материалдық жағдайынан нашар (сәйкесінше 44% және 26%). Сонымен қатар соңғы 15 жыл ішінде қазақстандықтардың рекордтық саны өзінің қаржылық жағдайын «нашар» немесе «өте нашар» деп санайды. Ал өзінің әл-ауқатын «жақсы» немесе «өте жақсы» деп бағалайтын азаматтардың саны 2020 жылдың басымен салыстырғанда екі есеге азайған.

Фактчек | Құлахметов қазақстандықтардың материалдық жағдайы нашарлап бара жатқаны туралы
ofstrategy.kz скриншоты

Сондай-ақ сауалнама авторларының мәліметі бойынша, ақшасы азық-түлік пен киімге жеткілікті қазақстандықтардың қатары азайған. Бұл жағдайда «ұзақ мерзімді заттарды оңай сатып алуға» мүмкіндігі бар орта таптың өкілдерінің саны 16%-ға дейін азайған. Бұл 2009 жылғы деңгеймен бірдей. Осы орайда ақшасы, тіпті, тамаққа жетпейтін респонденттердің саны 13%-ға дейін артқан. Бұл көрсеткіш соңғы 15 жыл ішінде, яғни 2009 жылғы дағдарыс кезіндегідей 10%-ға дейін жақындаған еді.

Фактчек | Құлахметов қазақстандықтардың материалдық жағдайы нашарлап бара жатқаны туралы
ofstrategy.kz скриншоты

Құлахметовтің айтуынша, өзін азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың, яғни қазақстандықтардың 13%-ы кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Бұл қызықты дерек, себебі Қазақстандағы кедейлік деңгейіне қатысты мүлдем басқа сандар аталады.

Мәселен Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2020 жылдың 4-ші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4,6% болды. Естеріңізге сала кетейік, бізде ең төменгі күнкөріс деңгейі болып бір адамға айына 32 668 теңге саналады. Дүниежүзілік банк табыс деңгейі орташадан жоғары елдер (олардың қатарына Қазақстан да кіреді) үшін кедейлік шегін күніне $5,5 деп айқындап, 2020 жылы ондай мемлекеттердегі кедейліктің деңгейін 12-14%-ға дейін өседі деп болжаған (бұл соңғы нақты көрсеткіштер емес, – ред.).

Әлемдегі және елдегі қазіргі күрделі жағдай қазақстандықтардың оптимизміне де әсер етті. Респонденттердің 12% келесі жылы жағдай қазіргіден де нашарлай түсіп, өмір сүру қиындай түседі деп есептейді. Қатысушылардың 34%-ы жағдай жақсаратына сенсе, респонденттердің үштен бір бөлігі 2022 жылы не болатынын болжау қиын екенін айтып, сұраққа жауап бермеген. Кестеде көрсетілгендей, адамдар арасындағы мұндай пессимизм мен белгісіздік деңгейі 15 жылда алғаш рет кездесіп отыр.

Фактчек | Құлахметов қазақстандықтардың материалдық жағдайы нашарлап бара жатқаны туралы
ofstrategy.kz скриншоты

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz