Фактчек | Косарев кәсіпкерлік, несиелеу және экономика өсімі туралы

Бұл материалдың қазақ тіліндегі нұсқасы кеш жариялануына байланысты оқырмандардан кешірім сұраймыз.

Редакция

29 қаңтарда өткен ҚР Парламентінің төменгі палатасының кезекті пленарлық отырысында мәжілісмен Владислав Косарев Қазақстандағы экономика мен бизнестің дамуына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады. Тексереміз.

Елімізде тіркелген 413 мың заңды тұлғаның ⅓ бөлігі ғана жұмыс істейді.

Владислав Косарев

Үкім: Жалған

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Қазақстан Республикасындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер құжатында мынадай мәліметтерді келтірген:

Фактчек | Косарев кәсіпкерлік, несиелеу және экономика өсімі туралы

2018 жылғы мәлімет пен 2019 жылғы алдын ала мәлімет туралы айтар болсақ, ақпарат мәжілісмен айтқаннан басқаша. Тіркелген заңды тұлғалар көп және жұмыс істеп тұрғандардың да үлесі  ⅓-ден артық. 412 мың заңды тұлға 2017 жылы тіркелді, бірақ ол кезде жұмыс істеп тұрғандары саны 256 122 болды, яғни тіркелгендердің жартысынан көбі.

Несиелеу 22%-ға төмендеді…

Владислав Косарев

Үкім: Жалған

Біріншіден уақыт анық көрсетілмеген, қай кезеңмен салыстырғанда «құлағаны» анық емес. Екіншіден, мәжілісмен нені айтқысы келді? Банктердің жалпы экономиканы несиелеуі ме, әлде жеке немесе заңды тұлғаларға несие беру ме? Алдыңғы мәлімдемелерде мәжілісмен заңды тұлғалар туралы айтқандықтан, бұл жолы да солай болуы керек деп болжаймыз.

Бұл туралы біз президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тексеру кезінде жазған болатынбыз:

2018 жылдың қорытындысы бойынша заңды тұлғаларға берілген несие 7,8 трлн теңгені құрады, 2014 жылдың соңындағы есептеулер бойынша заңды тұлғаларға берілген несие мөлшері 8,1 трлн теңге болды. Яғни, 2014 жылмен салыстырғанда 2018 жылы несиелеу 3,7%-ға төмендеді. Тек 2018 бен 2014 жылды салыстыра болмайды, өйткені 2017 жылдың осы кезеңінде несиелеу мөлшері төмендегенімен, 2014-2016 жылдар аралығында артты. Жалпы заңды тұлғалар мен шағын және орта бизнесті несиелеу мынадай:

Фактчек | Косарев кәсіпкерлік, несиелеу және экономика өсімі туралы

Экономиканы банктер арқылы несиелеуге келер болсақ, 2018 жылғы есепте былай делінген:

«Жыл қорытындысы бойынша, экономиканы банктер арқылы несиелеу 3,0%-ға, 13,1 трлн теңгеге артты. 2018 жылы ұлттық валютадағы несиелер 7,8%, 10,1 трлн теңгеге көбейді, ал шетел валютасындағы несие 10,2%, 3 трлн теңгеге төмендеді. Нәтижесінде теңгемен берілетін несие 73,7% -дан 77,1%-ге артты. Ұзақмерзімді несиелеу 2018 жылы 2,8%, 11,1 трлн теңгеге көбейді, қысқамерзімді – 4,4%, 2 трлн теңгеге артты.

(Несиелеу 22%-ға азайды) … көршілес елдерде бұл көрсеткіш артып жатыр

Владислав Косарев

Үкім: Шындық

Көршілес елдерге келер болсақ, мәселен, Ресей Федерациясында 2017 мен 2018 жылдарды салыстырғанда өсу байқалады. РФ Орталық банкінің жылдық есебін қараймыз, онда былай делінген:

«Қаржылық емес секторды рубль  немесе шетел валютасында несиелеудің өсуі 5,8%-ды құрады (бір жыл бұрын – 3,7%). Екі жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерлікке берілген несие мөлшері қарқынды өсіп, 2018 жылы 11,4%-ды құрады.

Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің есептерінен де өскенін байқауға болады.

  • 2018 жыл: Банктердің бірлескен несие қоржыны 2018 жылы 18,1 пайызға артып, 127,9 млрд сомды құрады. Ұлттық валютамен берілетін несие 18,1-ға артып, 79,4 млрд сомды құрады, шетел валютасымен берілетін несие 18,0 пайызға көбейіп, 48,5 млрд сом болды.
  • 2017 жыл: 2017 жылғы банктердің бірлескен несие қоржыны 15,9 пайызға артып, 108,3 млрд сомды құрады. Ұлттық валютамен несие беру 29,6 пайызға, 67,2 млрд сомға артып, ал шетел валютасымен беру 1,2 пайызға, 41,1 млрд сомға төмендеді…

Өзбекстанға келер болсақ, біз 2017 және 2018 жылғы ресми деректерді ғана таптық. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2018 жылы несиелеудің артқаны байқалады: «2017 жылғы жалпы несие көлемі 49 540,5 млрд сумды құрады, заңды тұлғаларға несие беру – 28 470,6 млрд сум (ұлттық валютада) және 33 962,6 млрд сум шетел валютасында болды.

2018 жылғы жалпы несие көлемі – 100 658,2 млрд сум болды, заңды тұлғаларға 48 247,6 млрд сум (ұлттық валютамен) және (шетел валютасымен).

Экономиканың өсу қарқыны бойынша біз Ресейден 2,2 есеге, ал ЭЫДҰ елдерінен 6 есе артта қалдық.

Владислав Косарев

Үкім: Жалған

ЭЫДҰ статистикасын қараймыз, ЭЫДҰ елдері бойынша ЖІӨ өсімі орташа есеппен 2,3%-ды құрады, Ресейде осы кезеңде 2,3% болса, Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, Қазақстанда осы кезеңдегі ЖІӨ 4,1% болған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz