Фактчек | Коронавирусты 2 күнде емдейтін дәрі табылды

Қазақстандық интернет кеңістікте коронавирустың “еміне” байланысты түрлі болжамдар мен мақалалар әлі күнге дейін шығып жатыр. Соның бірі – Aikyn.kz-те және бірнеше БАҚ-та жарық көрген “Коронавирусты екі-ақ күнде емдейтін дәрі табылды” деген материал. Шынымен де Covid-19-ды екі күнде емдейтін дәрі табылды ма? Factcheck.kz тексеріп көрді.

Коронавирусты екі-ақ күнде емдейтін дәрі табылды

БАҚ

Үкім: Манипуляция

Aikyn.kz және бірнеше қазақстандық БАҚ Ресейдің “Риа-Новости” порталына сілтей отырып Монаш Университеті мен Мельбурндегі Корольдік аурухана мамандарының болжамын жазған. Алайда болжам “коронавирусты екі-ақ күнде емдейтін дәрі табылды” деп әсірелеп жазуға себеп емес. Дәл бұлай жазу – манипуляция. Әлі клинкаилық сынақ болмаған.

Монаш Университетіне қарасты биомедициналық зерттеулер институтының ғалымдары зерттеу нәтижесінде ивермектин препаратының бір реттік дозасы Covid-19 вирусының өсуін тоқтатуы мүмкін екендігін байқаған. Дәл осы зерттеуді басқаратын дәрігер Кайли Вагстаффтың айтуынша, ивермектин препараты Covid-19 вирусының өсуін 48 сағат ішінде тоқтатқан. Тіпті 24 сағаттың өзінде вирустың айтарлықтай төмендегенін айтты.

Бірақ (!) Бұл тек сынамадағы нәтиже ғана. Сараптама мен тәжірибе әлі жалғасып жатыр, сондықтан дәрі / емі табылыпты деуге әлі ерте. Емдеу ұзақтығы мен нәтижесі туралы клинкалық сынақсыз айту мүмкін емес.

Институттың мәлімдеуінше, препараттың зертханалық жағдайларда тиімділігіне қарамастан, ивермектинді зерттеу толықтай аяқталмайынша Covid-19-бен ауыратын адамдарды емдеу үшін пайдалануға болмайды.

Монаш университетінің басшылығымен бірлескен бұл зерттеу Antiviral Research басылымында жарияланды. Зерттеуді толықтай оқу үшін мына сілтемеге кірсеңіз болады.

Тағы да қайталай кетейік: Бұл әзрге тек болжам ғана. Ивермектин пайдасы туралы клиникалық сынақтан кейін ғана айтуға болады. Аустралия денсаулық сақтау министрлігінде де, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында да коронавирусқа қарсы дәрі туралы ресми мәлімдеме жасамады. Әзірге тек емдеу протоколы ғана бар.

Контекст: Ивермектин деген не?

  • Ивермектин — антипаразиттік препарат. Біраз уақыттан бері белгілі, шошқа, ірі қара, қойлар мен жылқы ағзасындағы паразиттерден емдеуге қолданады. Адам ағзасындағы паразит кезінде, негізінен стронгилоидоз және қышымаға қарсы қолданады.
  • Превпаратты иммунитеті әлсіз, АИВ/ЖИТС кезінде қолдануға тыйым салынған.
  • 2015 жылы биохимик Сатоси Омура мен паразитолог Джозеф Кэмпбелл ивермиктинді ашқаны үшін (1975 жылы алғаш ашылып, 1981 жылдың басынан бері пайдаланылуда) Нобель сыйлығын алған.

Обьективтілікті сақтау үшін Factcheck.kz редакциясы жарнамадан бас тартып, мемлекеттен, ірі компаниялар мен саяси топтардан алшақ болу принципін ұстанып, тәуелсіздігін сақтап келеді. Қазір Factcheck.kz сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж. Оқырмандарымыздың біздің шотқа аударған қаржысы – фактчекер-журналистер, аудармашылар мен ұжымның басқа мүшелеріне еңбекақы, қаламақы төлеу үшін қажет. Олар ары қарай да тоқтамай еңбек етіп, шындықты, жалған мен манипуляциядан ажырата бермек. Біз сенімді дереккөзден тексерілген тәуелсіз ақпарат алуға әркімнің құқы бар екеніне сенеміз.


Өтінеміз, кез келген сомманы таңдаңыз…



немесе өзіңіздің біздің есепке аударғыңыз келген соманы жазыңыз

Жансерік Тілеухан
Журналист-фактчекер, медиа-тренер, СДУ түлегі, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-монитор