Фактчек | Қоңыров тамыздағы жәрдемақы және жұмыспен қамтылғандар туралы

2 қыркүйекте өткен мәжіліс отырысында депутат Айқын Қоңыров ҚР Премьер-министрі А. Маминге сауал жолдап, онда жәрдемақы алуға өтініш берген қазақстандықтар санын жұмыспен қамтылғандардың проценттік үлесімен салыстырды. Қоңыров деректері рас па, бірге тексерейік…

Тамыздың соңында табысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақыға 2,6 миллион қазақстандық өтініш тапсырған. Бұл жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 30 %-і.

Айқын Қоңыров

Үкім: Шындық

Депутат 42500 теңге жәрдемақы алу үшін өтініш бергендер санынан жаңылмады. 1 қыркүйектегі дерек бойынша, азаматтардан 2 млн 607 мың өтініш қабылданып, олардың басым бөлігіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір реттік жәрдемақы тағайындалған. Нақтылар болсақ, 2 394 400 азамат 42500 теңгеден, оның ішінде 2 384 900 азамат қосымша 21250 теңгеден көмек алған.

Статистика комитетінің деректері бойынша, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында 8,8 адам жұмыспен қамтылған. Демек, депутат есептеуде шатаспады. 2 млн 607 мың адам жұмыспен қамтылғандардың 29,63 %-і.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz