Фактчек | Қоңыров Қазақстандағы экспорт-импорттың өсуі туралы

13 қарашадағы ҚР мәжілісінің пленарлы отырысында Айқын Қоңыров премьер-министр А. Маминге келесі жылы EXPO 2017 Astana Ұлттық компаниясы ұйымдастыратын ДСҰ министрлік конференциясына қатысты шығын туралы сауал жолдады.

Депутат «2016 жылдан бастап 2018 жылды қоса есептегенде импорт 25 млрд доллардан 33 млрд-қа дейін өсті, яғни, 33%-ға, экспорт осы аралықта 36 млрд-тан 61 млрд-қа дейін, 66%-ға артты, бірақ бұл көрсеткіш  сыртқа шығаратын шикізат көлемінің көбеюімен және оның бағасының өсуіне байланысты, экспорт құрылымы диверсификация тұрғысынан қарағанда, шын мәнінде, нашарлап кетті, минералды ресурстар мен металлдардың үлесі 2016 жылы 81,8%-дан 2018 жылы 82,2%-ға артты. Халықаралық сауда тізбегінде шикізат жеткізушінің мұндай үлесі бола тұра дайын өнімді жеткізетіндердің қызығушылықтарын қорғайтын және сарапшылардың пікірінше, терең дағдарыста болатын министрлік конференция ұйымын Қазақстан не үшін қабылдау керектігі түсініксіз» деді.

Мәлімдемеде біз тексеретін екі пікір бар.

2016 жылдан бастап 2018 жылды қоса есептегенде импорт 25 млрд доллардан 33 млрд-қа дейін өсті, яғни, 33%-ға…

Айқын Қоңыров

Үкім: Шындық

ҚР ҰЭМ статистика комитеті сайтында жарияланған «Негізгі тауар топтары бойынша импорт пен экспорт құрылымы» құжатын жылдар бойынша қараймыз.

Расымен 2016 жылы импорт дөңгелектеп алғанда 25 млрд АҚШ долларынан асқан, 2018 жылы 32,5 млрд-тан көп. Өсім 33% шамасында. Анықтама үшін: 2017 жылы импорт 29, 599, 628.5 мың долларды құраған.

Экспорт 2016-2018 жж. аралығында 36 млрд-тан 61 млрд-қа дейін, 66%-ға (1) артты, бірақ бұл көрсеткіш  сыртқа шығаратын шикізат көлемінің көбеюіне (2) және оның бағасының өсуіне байланысты (3) <…> минералды ресурстар мен металлдардың үлесі 2016 жылы 81,8%-дан 2018 жылы 82,2%-ға артты (4).

Айқын Қоңыров

Үкім: Шындық (алайда…)

Мұнда көңіл бөлетін 4 бөлік бар:

Эспорт 66%-ға өсті

«Негізгі тауар топтары бойынша импорт пен экспорт құрылымы» құжаты мынадай ақпарат ұсынады: 2016 жылы экспорт дөңгелектеп алғанда 36,7 млрд долларды құраған, ал 2018 жылы – 60, 956 млрд болды, өсім шамамен –  60,2% (2017 жылы – 48,503 млрд доллар).

Осылайша, Қоңыровтың сөздері шындыққа сәйкес келеді, дегенмен үлкен соммаларды дөңгелектегенде Статистика комитеті мен Қоңыров айтқан сандарда айырмашылық бар.

Шикізат мөлшері мен минералды ресурстар және металлдар үлесі

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің ақпаратына сенсек, сыртқа шығаратын шикізат көлемі, яғни минералды ресурстар мен металлдар және одан жасалған бұйымдар артты.

Экспорт өнімдері 2016 2018  
Металл және одан жасалған бұйымдар   16,8% 13.6%
Минералды өнімдер   65% 74.6%
Металл мен минералды өнімдердің экспорттағы үлесі 81.8% 88.2%

Қазақстандағы экспорт құрылымында минералды өнімдер, металлдар мен одан жасалған бұйымдардың үлесі 2018 жылы 88,2%-ды құрады. Мәжілісмен кішігірім қателік жіберген тәрізді (шын мәніндегі сан ол айтқаннан көп).

Экспорттың тауарлық құрылымына қатысты айтар болсақ, химия саласы өнімдерінің мөлшері азайды, машина, құрылғылар, көлік құралы, аспап пен аппараттар сынды дайын өнім көлемі де төмендеген.

Сонымен қатар, үстемесін көп қосып қойылған бағасына сәйкес дайын металл өнімдерінің үлесі аз. Металлдан бөлек Қазақстан сүймен, сым, металпрокат, рельстер, құбырлар және басқаларды экспорттайды:

Шикізат бағасының өсуі

Шынында 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта әлем бойынша металл мен мұнай бағасының өсуі байқалған.

Фактчек | Қоңыров Қазақстандағы экспорт-импорттың өсуі туралы

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz