Фактчек | Қазақстанда «Атрезия және микротия» диагнозымен 700 бала тіркеуде тұр

2019 жылдың 28 тамызында baq.kz сайтында лог-хирург Айгүл Медеуова: «Атрезия және микротия» диагнозы бойынша Қазақстанда 700 бала тіркеуде тұр – деген болатын. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Мәлімдеме: «Атрезия және микротия» диагнозы бойынша 700 бала тіркеуде тұр

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елімізде 2019 жылдың алғашқы 9 айында «Атрезия және микротия» диагнозымен 802 бала тіркеуде тұр. Нақтырақ айқанда, микротия диагнозымен — 83, атрезия диагнозымен — 719 бала бар.

Бір құлағы жоқ немесе бітеу, екі құлағы жоқ немесе бітеу балалар диагнозы атрезия және микротия деп аталады. Елімізде осы диагнозбен ауыратын балалар саны жылдан жылға артып келеді.

Фактчек | Қазақстанда «Атрезия және микротия» диагнозымен 700 бала тіркеуде тұр
earcommunity.org сайтынан алынды

Контекст

Микротия және атрезия дегеніміз не?

Микротия – құлақ қалқанының аномалиясы, туғаннан жүрекшенің дамымауы немесе болмауы.

Атрезия – құлақ тесігінің болмауы.

Бір құлағы жоқ балалар не себепті мүгедектер қатарына жатпайды? Оларға арнайы квота, әлеуметтік көмектің бөлінуіне қандай жағдай кедергі? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдаған болатынбыз. Жауап төмендегідей:

Бір құлағы жоқ балалар не себепті мүгедектер қатарына жатпайды?

Есту функциясының бұзылу дәрежесін назарға ала отырып, микротиясы және атрезиясы бар балалардың көпшілігі мүгедектер болып табылмайды. Дыбыстарды қабылдаудың физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бір жақты құлақ мүкістігі кезінде тіршілік әрекеті шектелмеген  (қарым-қатынас, бағдар, оқыту, еңбек қызметі және т.б. қабылеті) және мүгедектік белгіленбейді.

А.Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры

Сонымен қатар, министрліктің мәліметінше, олардың барлығы белгілі бір модификациялы есту аппараттарына, атап айтқанда, сүйек өткізгіштігінің есту аппараттарына мұқтаж.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz