Фактчек | Қазақстан алтын қоры бойынша Сауд Арабиясын басып озды

13 қыркүйекте Sputnik Kazakhstan ақпарттық ресурсы «қыркүйектің 10 күнгі есептеу бойынша Қазақстан Ұлттық банкінің алтын қоры 333 тоннаны құрады, ол 12,8 миллиард долларға тең» деп жазды, сонымен қатар, аталған металл түрінен әлем бойынша 15-орынға шығып, 2018 жылы Сауд Арабиясын басып оздық. Ақпараттың рас-өтірігін анықтап көреміз.

Үкім: Шындық және … манипуляция

Кейбір сандардың сәйкес келмейтіні болмаса ақпарат шындыққа жанасады. 13 қыркүйек күні Ұлттық банк расымен де 15-орында екенімізді және Сауд Арабиясын басып озғанымызды растайтын ақпараттық хабарлама жариялады. Бірақ еліміздің алтын қоры 326,45 тонна.

ИС_золото_рус

Қазбалай келе, Ұлттық банк бұл рейтингті World Gold Council (WGC) ақпаратынан алғанын анықтадық. Біз де осы дереккөзге жүгініп, салыстыру үшін 2018 жылдың қазан айында жаңартылған әлем елдерінің алтын қор мөлшерін көшіріп алдық (төменгі иллюстрацияны қараңыз).

Күтпеген қорытынды болды, шынайы ақпарат та манипуляцияға негіз бола алады екен.

Манипулияциялық контекст

Алтынға қатысты ақпаратқа сене алмай тұрғанымыз қалай? Неге Қазақстан Сауд Арабиясын басып оза алмайды деп ойлаймыз?

Жалпы контексттен бөлек ақпараттың өзі манипуляция.

Себеп әлем елдерінің қорын көрсетіп тұрған ұғымның әртүрлілігі мен контекстте болып тұр. Төмендегі құжатқа және «резервтің %-ы» деген жазуға назар аударыңыз (мұнда АВР, яғни елдердің алтын-валюта резерві айтылып тұр).

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/file/d/1vXmR-THA4EkJaBnOC5Q6N4wzqwDadMq7/preview?usp=drivesdk” title=”world_official_gold_holdings_as_of_october2018_ifs.xlsx” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/application/vnd.openxmlformats-officedocument.spreadsheetml.sheet” width=”100%” height=”400″ style=”embed”]

Қазақстанда Ұлттық банктің алтын қоры жалпы АВР көлемінің 41,1 %  (30779 млн АҚШ доллары) құрайды.Ал Сауд Арабиясында «алтын» АВР көлемінің 2,4 %-ын құрайды. Ол 1911429 млн сауд реалына немесе 509578,5 млн USD тең (2018 жылдың қазан айындағы ақпарат).

Әлем елдерінің алтын-валюта қоры туралы ақпараттарды мына жерден оқып-білуге болады. Ал, 2017 жылғы рейтингті мына жерден (Қазақстан 50-орында, Сауд Арабиясы 5-орында). АҚШ алтын-валюта резерві көлемі бойынша 27-ші, ал алтын қоры бойынша 1-орында.

Қазақ тіліне аударған – Балнұр Қожагелді

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz